Логотип
Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
11 апреля 2026
Павлодарда «BI BILE» фестивалі өтті

10 сәуір күні М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Mega Dance – 2026» ауқымды жобасы аясында облыстық «BI BILE» би фестиваль-байқауы өтті.

Фестиваль өңірдің түкпір-түкпірінен келген талантты би ұжымдарын біріктірді. Сахнада нағыз хореографиялық шоу ұйымдастырылып, қатысушылар халықтық, эстрадалық, заманауи және балалар биі бағыттарында өнер көрсетті.

Әрбір қойылым өзіндік ерекшелігімен, әртістік шеберлігімен және жоғары деңгейдегі дайындықпен ерекшеленді.

Байқаудың басты мақсаты – балалар мен жастар арасында хореографиялық өнерді дамыту және насихаттау, дарынды орындаушыларды қолдау, сондай-ақ шығармашылық тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

Қатысушылардың өнерін кәсіби хореографтар мен мәдениет саласының өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады.

Нәтижесінде үздік ұжымдар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Облыстық «BI BILE» фестиваль-байқауының Бас жүлдесі М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясына бұйырды.

Байқау қорытындысы мен жеңімпаздар тізімі М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының ресми сайтында жарияланады.

«BI BILE» фестивалі би өнерінің, шабыт пен шығармашылықтың нағыз мерекесіне айналып, қатысушылар мен көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

10 апреля 2026
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ересек адамдардың басты міндеті!

Құрметті ата-аналар, ауа райының жылынуына байланысты, балалар қай жақта жүретінін қадағалау қажеттігіне назар аударуыңызды сұраймыз.

Балалар арасындағы жарақаттану және ол жарақатты алдын алу – әсіресе күн жылынғаннан кейін, балалар ересектердің қарауынсыз қалып, уақытын көбіне далада өткізетін кезде күрделі әрі маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Балалардағы жарақат түрлерінің көп болуына қарамастан, олардың салдары әдеттегідей. Ең алдымен, ересектердің тарапынан байқалатын немқұрайлылық, олардың балаларды қадағаламауы, сыртқы ортаның жайсыздығы, күнделікті өмірде, көшеде, ойнағанда және спортпен шұғылданған кезде баланың абайсыздығы. Балаларға үйде қауіпсіз жағдай жасап, көшеде өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндірген жөн.

Мұғалімдердің білім беру ұйымдарында жүргізіп жатқан жұмыстарына қарамастан, көшеде, жолда, суда, спорт алаңдарында балалардың жарақаттану фактілері азаяр емес керісінше артып келеді.

Балалардың бойында жеке қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру мақсатында баламен төмендегі мәселелер бойынша қосымша жеке әңгімелесулер жүргізуіңізді сұраймыз:

- қауіптілігі жоғары орындар: жиынтық трансформаторлардың қосалқы станциялары, қараусыз қалған ғимараттар, кәріз люктері және т.б. 

- спорт алаңдары мен құрылысы аяқталмаған ғимараттардың қасына жақындамау;

- көшеде қаңғыбас иттер кездескен кездегі әрекеттер;

Балаларыңызбен қауіпсіздік ережелерін үнемі қайталаңыз! Қауіпсіздік ережелерін бұзуға болмайтынын және оның салдары қандай болатынын түсіндіруді ұмытпаңыздар!

10 апреля 2026
1000-ға жуық оқушы мен студент «Сәтбаев оқуларында» бас қосты: ғылым мен болашақ тоғысты

2026 жылғы 10 сәуірде Торайғыров университетінде талантты әрі ізденімпаз жастардың басын қосқан «ХХVI Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Павлодар облысынан шамамен 1000 оқушы мен студент осы ауқымды ғылыми іс-шараға қатысып, өздерінің идеяларын, жобалары мен зерттеу жұмыстарын жас ғалымдармен тең дәрежеде таныстырды.

Конференция жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардан бастап инженерия, энергетика және цифрлық технологияларға дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтыды. Жұмыс 37 секция бойынша жүргізіліп, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, креативті ойлау қабілетін және жаңалыққа ұмтылысын көрсетті.

Ғылыми жобалар көрмесі ерекше қызығушылық тудырды. Онда оқушылардың келесі жұмыстары ұсынылды:

— ауа сапасын мониторингілеу жүйелері,

— Arduino негізіндегі «ақылды» құрылғылар,

— қалдықтарды қайта өңдеу және биоотын саласындағы әзірлемелер,

— экология, робототехника және тұрақты даму бағытындағы инновациялық шешімдер.

Жалпы жарияланымға шамамен 1300 ғылыми мақала қабылданды, оның ішінде 313 жұмыс мектеп оқушыларына тиесілі. Қатысушылардың географиясы Қазақстан шегінен асып, ТМД елдері мен республиканың ірі қалаларын қамтыды.

Секциялар қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды, ал ғылыми жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды.

— Біз гендерлік теңдік пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары тақырыбында зерттеу жұмысын ұсындық. Жобамен жұмыс істеу оңай болған жоқ, бірақ үлкен тәжірибе берді. Бұл мен үшін тек оқу барысында ғана емес, азаматтық ұстанымымды қалыптастырудағы маңызды қадам болды, — деді «Жас Дарын» лицейінің 10-сынып оқушысы Әлібек Әли.

«Сәтбаев оқулары» — бұл жай ғана конференция емес, идеялар арқылы болашақты өзгертетін ғылым әлеміне жасалған сенімді қадам.

10 апреля 2026
Болашақ бүгіннен басталады: TechFest-2026 ғылым жұлдыздарын жақты

2026 жылғы 10 сәуірде М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында Ғылым күніне орай облыстық TechFest-2026 техникалық шығармашылық көрмесі өтті.

Бұл күні Оқушылар сарайының іші нағыз инновациялар алаңына айналды: 42 жоба, ондаған тың идея және ғылымға құштар жүздеген оқушы бас қосты.

Баянауыл, Май аудандары мен Екібастұз, Ақсу қалаларынан келген қатысушылар ғарыштану, астрофизика және авиация бағыттарындағы жобаларын ұсынды.

TechFest-тің басты ерекшелігі — қатысушылардың өздері. Бүгіннен бастап инженерлік ойлауды меңгеріп, болашаққа нық қадам жасап жатқан жас зерттеушілер.

Ерекше жобаларды атап өтсек:

Май ауданының «Жас шебер» үйірмесінің тәрбиеленушісі Дәуіт Адам «Ғарышкер: шексіздікке қадам» атты жұмысын таныстырды. Ол тек макет жасап қана қоймай, заманауи ғарышкердің киім үлгісін ұсынды. Жобаның мақсаты — балалардың ғылым мен ғарышқа қызығушылығын ояту.

Майқайың орта мектебі №2 оқушылары Абдрахимова Малика мен Ибрагимов Бекжан «Qalqan-1: Жердің ғарыштық қалқаны» жобасын әзірледі. Бұл — Жер маңындағы орбитаны ғарыш қоқыстарынан тазалап, астероидтардан қорғай алатын көпфункционалды автоматтандырылған станцияның тұжырымдамасы. Жоба батыл инженерлік ойымен ерекшеленеді.

№11 мектеп оқушысы Фесик Кирилл механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын оқу макетін ұсынды. Бұл жоба оқу процесінде де, электр қуаты жоқ жағдайда да қолдануға болатын тиімді шешім.

Әр жоба — ізденіс пен еңбектің, табандылық пен ұстаз қолдауының нәтижесі.

TechFest-ке қатысушылар қазіргі оқушылардың тек ғылымға қызығып қана қоймай, болашақ технологияларды жасауға қабілетті екенін дәлелдеді.

TechFest-2026 — болашаққа бастар үлкен қадам. Үздік жобалар Павлодар облысының құрама командасына еніп, республикалық деңгейде авиация және ғарыш бағыттары бойынша өңір намысын қорғайтын болады.

Ғылым күні бұл жерде жай ғана аталып өткен жоқ — ол шабытқа айналып, нақты істермен дәлелденді.

10 апреля 2026
Білімге алғашқы қадам: «Жауқазын» олимпиадасында жас дарындар жарқырады

Павлодар қаласындағы Ж.Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 2026 жылғы 10 сәуірде мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің мектепалды топтары (сыныптары) тәрбиеленушілеріне арналған «Жауқазын» облыстық олимпиадасы өтті.

Аталған олимпиада дарынды және талантты мектеп жасына дейінгі балаларды анықтауға, оларды қолдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға дайындауға бағытталды.

Білім бәйгесіне өңірдің 111 ұйымынан 136 тәрбиеленуші қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін сынға салды. Қатысушылар түрлі тапсырмалар арқылы логикалық ойлау, зейін, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 69 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, І орынға - 13, ІІ орынға - 18, ал ІІІ орынға - 38 тәрбиеленуші иеленді.

Сонымен қатар, ерекше қабілет танытқан 67 қатысушылар «Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған», «Зерек бүлдіршін» атты арнайы номинацияларға ие болды.

«Жауқазын» олимпиадасы – бүлдіршіндердің алғашқы жетістіктерін айқындайтын маңызды алаң. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытып қана қоймай, олардың білімге деген қызығушылығын арттырып, болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне негіз қалайды.

10 апреля 2026
BABY SKILLS: алғашқы қадам, үлкен мүмкіндік

Екібастұзда мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған BABY SKILLS чемпионаттарының сериясы жалғасуда. Ерте кәсіптік бағдар беруге бағытталған жобаның кезекті кезеңі 9 сәуір күні «Самғау» балалар шығармашылығы орталығының базасында өтті.

Іс-шараны ИнЕУ Жоғары Екібастұз колледжі мен Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№1 бөбекжай-бақша» даму орталығы ұйымдастырды.

Чемпионатқа қаланың мектепалды топ тәрбиеленушілері қатысты. №1, 3, 6, 7, 20 және 26 бөбекжай-бақшаларының бүлдіршіндері әртүрлі бағыттар бойынша өз қабілеттерін сынап көрді.

Бұл жолы кішкентай қатысушылар ІТ, инженерлік ойлау, цифрлық технологиялар және шығармашылық бағыттарда білімдері мен икемдерін көрсетті. Бағдарлама аясында робототехника мен алгоритмдеу, цифрлық викториналар, «Ғарыш» тақырыбындағы Эбру техникасымен шығармашылық жұмыс, авторлық мультфильмдер таныстырылымы және робот құрастыру тапсырмалары ұйымдастырылды.

Чемпионаттың басты мақсаты — балаларды заманауи мамандықтар әлемімен қызықты әрі қолжетімді форматта таныстыру, олардың логикалық ойлауын, ұқыптылығын, қарым-қатынас дағдыларын және танымға деген қызығушылығын дамыту.

Чемпионат қорытындысы бойынша Бас жүлдені Азат Тохтаров («№1 бөбекжай-бақша» даму орталығы) иеленді. І орынды Анастасия Недуева (№3 бөбекжай-бақша), ІІ орынды Кирилл Шелепов («№20 бөбекжай-бақша» көптілді дамыту орталығы), ІІІ орынды Нурислам Мұқатаев («№6 бөбекжай-бақша» көптілді дамыту орталығы) жеңіп алды.

10 апреля 2026
Павлодар сервис және тамақтану колледжі Алматы қаласында кезекті меморандумға қол қойды

Бүгін Павлодар сервис және тамақтану колледжі мен Алматы қаласының туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою маңызды оқиғасы болды.

Бұл серіктестік кәсіби білім беруді дамыту, тәжірибе алмасу және сервис, тамақтану, туризм және қонақжайлылық саласының мамандарын даярлауда заманауи тәсілдерді енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ынтымақтастық шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыру, студенттерді даярлау сапасын және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шеберлік сыныптарын, тағылымдамалар мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу жоспарлануда.

10 апреля 2026
«ALASH CUP» ашық футзал турнирі

«Жас қанат» жастар үйінің тәрбиеленушілері мекеме түлектерімен бірлесіп, әуесқой командалар арасында өткен «ALASH CUP» ашық футзал турниріне қатысты.

Аталған іс-шара бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастар бастамаларын қолдауға бағытталды. Турнирге қатысу тәрбиеленушілерге өздерінің спорттық дағдыларын, командалық өзара іс-қимылын және жоғары белсенділік деңгейін көрсетуге мүмкіндік берді.

Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар дипломмен марапатталып, кәмелетке толмаған тәрбиеленушілерге арналған естелік сыйлықтарға ие болды.

Осындай іс-шараларға қатысу жастардың әлеуметтік бейімделуіне, денсаулығын нығайтуға және оң өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.

10 апреля 2026
Павлодар сервис және тамақтану колледжі студентінің «TAIQAZAN–2026» ІI Халықаралық кәсіби шеберлік фестивалінде ІІ жүлделі орны!

2026 жылғы 7-10 сәуір аралығында Алматы қаласында «Алматы облыстық сервис және тамақтану саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің» ұйымдастыруымен «TAIQAZAN–2026» ІI Халықаралық кәсіби шеберлік фестивалі өтті.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет елдерден келген қатысушылар арасында Павлодар сервис және тамақтану колледжінің АК 1-47 тобының студенті Мейрамов Нурхан бақ сынасты. Нұрхан TQ-2 «Ет тағамдары» номинациясы бойынша жүлделі ІI орынға ие болды!

Студентті конкурсқа өндірістік оқыту шебері Арынова Ақмарал Кадыровна дайындады.

Фестивальдің құрметті қонақтары:
* Биекова Бақытжан Үмітбекқызы – «TALAP» КЕАҚ вице-президенті;
* Қайрат Ізбасарұлы Жұманов – Алматы облысы Білім басқармасының басшысы;
* Рашида Сезер – әлеуметтік серіктес, Мехмет Зеки Болджи атындағы Түрік қонақжайлылық индустриясы колледжі директорының орынбасары;
* Ronan LeciEux – Париждегі «Gullaume Tirel» француз колледжінің профессоры.

Шеберлеріміз бен студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз! Алдағы уақытта да тек жеңістер мен биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!

09 апреля 2026
Балабақша тәрбиеленушілері кәсіби әлемге алғашқы қадам жасады

Бүгін мектепке дейінгі жастағы балалар арасында BabySkills Pavlodar 2026 өңірлік чемпионаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың ерте жастан кәсіби дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашу және жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыру.

Павлодар қаласындағы №44 сәбилер бақшасының базасында Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша чемпионат өтті. Оған облыстың мектепке дейінгі ұйымдарынан 5 жастағы тәрбиеленушілер қатысты. Қатысушылар бірнеше модульден тұратын тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен икемдерін көрсетті. Бағдарлама барысында балалар тек тапсырмаларды орындап қана қоймай, ойын арқылы сергіп, достық атмосферада тәжірибе алмасты.

Сондай-ақ, Павлодар монтаждау колледжінің ұйымдастыруымен №126 сәбилер бақшасының базасында чемпионат «Флористика» құзыреттілігі бойынша жалғасын тапты. Қатысушылар «Анама арналған көктемгі гүл шоғы» тақырыбында шығармашылық жұмыс орындап, қағаз және табиғи материалдардан «вазадағы гүлдер» композициясын жасады. Байқау барысында жұмыстардың ұқыптылығы, эстетикалық безендірілуі, композициялық шешімі және шығармашылық көзқарасы жан-жақты бағаланды.

Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай байқаулар балалардың ерте жастан шығармашылық және практикалық қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын қалыптастыруға зор мүмкіндік береді.

Социальные сети
Білім беру басқармасы
Управление образования
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты