Логотип
Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
14 апреля 2025
“Жауқазын” олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегері

Жаңатан негізгі білім беретін мектебінің мектепалды сынып тәрбиеленушісі Қазыкен Айсана “Жауқазын” олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі 3-орын иеленді. Құттықтаймыз!!!
Жетекшісі: Сетербай Амангүл.

13 апреля 2025
«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғараштық зерттеулер бойынша халыкаралық ғылыми конкурсынын қорытындысы

Астана қаласында 2025 жылғы 9-11 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының  базасында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғараштық зерттеулер бойынша халыкаралық ғылыми конкурсы өткізілді.

Биылғы байкауға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Ресейдің (Черкесск, Карачаевск, Теберда, Усть-Джегута), Өзбекстанның (Ташкент) және Қырғыстанның (Бішкек) калаларынан барлығы 116 оқушы қатысты.

Конкурстың басты мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау, дамыту  және қолдау, сондай-ақ олардың ғылыми-зерттеу кызметіне деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, байқау ғарыш саласындағы отандық және халықаралық жетістіктерді насихаттауға, ғарыштық және ақпараттық бағытында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Павлодар облысын 4 жобамен 5 оқушы таныстырып 4 медальға ие болды:  3 алтын және 1 күміс.  

Халықаралық ғылыми конкурсының қорытындысы бойынша алтын медальдарына  және І дәрежелі дипломдарына Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының  9 сынып оқушылары Казтай Алижан мен Нуриденов Мансур (« Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу» секциясы; мұғалімі Атик Б.В.) және Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Башкатов Владислав («Биология және ғарыштық медицина» секциясы, мұғалімі Малахов С.Е.) ие болды.

Күміс медалімен және II дәрежелі  дипломымен  дарынды балаларға  арналған № 3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Абылкасова Дамира («Ғарыштық техника және инфракұрылым» секциясы, мұғалімі Брус Т.В.) марапатталды.

13 апреля 2025
Орыс тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытытын мектептердегі орыс тілі пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытындысы

Қарағанды ​​қаласында 2025 жылғы 7-11 сәуір аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​ғылыми-зерттеу университетінде 9-11 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиадаға облыстық кезеңдердің 173 жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаты: дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау. Сонымен қатар, олимпиада арқылы дарынды балаларды анықтап, оларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау.

Павлодар облысын намысын қорғаған 9 оқушы 5 медальға ие болды:  3 алтын, 1 күміс және 1 қола.

Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша алтын медальдарына және І дәрежелі дипломдарына «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11, 10 сынып оқушылары Қайырбек Аяна (мұғалімі Куставлетова А.Б.), Ахмедиева Адия (мұғалімі Жанғазы Г.С.), және дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Зубчик Василиса (мұғалімі Осипенко А.М.) ие болды.

Күміс медалімен және II дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Бекбулатқызы Бинұр (мұғалімі Осипенко А.М.) иеленді.

Қола медаль және III дәрежелі диплом иегері-дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Жуспекова Алина (мұғалімі Жусупова М. У.).

«Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасымен облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11  сынып оқушысы Бондаренко Карина (мұғалімі Сурмий Т.М.) марапатталды.

11 апреля 2025
«Жауқазын» облыстық олимпиадасының қорытындысы

Павлодар қаласының  № 35 жалпы орта білім беру мектебінде 2025 жылғы 10 сәуірде мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарының (сыныптарының) тәрбиеленушілеріне  арналған «Жауқазын»  облыстық  олимпиадасы өткізілді.    

Олимпиада мақсаты: мектеп жасына дейінгі дарынды және талантты балаларды айқындау, қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру және жоғары денгейдегі интеллектуалдық жарыстарға дайындау.

Шараға өңіріміздің 97 ұйымынан 122 тәрбиеленуші қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 61 қатысушы келесі нәтиже көрсетті:  І дәрежелі дипломға - 14 тәрбиеленуші ие болды, II дәрежелі дипломға  - 20, III дәрежелі дипломға - 27.

 «Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған», «Зерек бүлдіршін» атты арнайы номинациялары  61 қатысушыға табысталды.

10 апреля 2025
Павлодар сервис және тамақтану колледжі бойынша Рум-турды

2025 жылғы 9 сәуірде Павлодар сервис және тамақтану колледжі бойынша рум-турды Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сауле Сабитовна Шакенева және "Отбасы және балалар. Павлодар" облыстық қоғамдық бірлестіктің басшысы өткізді "Курмангалиева Гульмира Сабековна өткізді.

Кездесу басында Сауле Сабитовна аз қамтылған, жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттермен әңгімелесті, балалардың өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кез келген уақытта оған тікелей жүгіне алатынын айтты.

Экскурсия барысында колледж басшысы Гульмира Ерсаиновнамен бірге асханаға, оқу кафесіне, кондитерлік шеберханаға және оқу кабинеттеріне барды.

Кездесу соңында колледж студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері құзыреттілік бойынша шеберлік сағаттарын көрсетті:

- "Қонақ үй ресепшионисті", онда студенттер қонақтарды қабылдауды және орналастыруды жүзеге асыруды, қонақ үй қызметтері туралы ақпарат беруді, қажетті құжаттаманы ресімдеуді көрсетті. Қаланың негізгі туристік бағыттары мен көрікті жерлері бойынша қонақтарға кеңес берілді. Қонақ үй бөлмесін безендіру аясында сүлгілерден Аққулар түрінде сәндік фигуралар жасау, сүлгілерді көркем бүктеу.

- "Кондитерлік іс", 2 курс студенті Иманкулова Тамирис карамель шамын пайдаланып изомальттан декор жасауды көрсетті.

- "Мейрамхана сервисі", студенттер түскі асқа 3 адамға арналған үстелді ұсынуда, "Креп Сюзетт" жалынында және зығыр майлықтарды 17 позицияға бүктеуде шеберлік сағатын көрсетті.

09 апреля 2025
Нашақорлық және есірткі құқық бұзушылықтар - жастар мен жасөспірімдер арасында оларды қалай тануға және алдын алуға болады

08.04.2025 жылы 41 ЖОББМ 9-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысында, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, жастармен және ата-аналар жұртшылығымен жұмыс желісі бойынша өңірдің полиция департаменті есірткі құқық бұзушылықтар жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Гульмира Шугабаева, Павлодар қаласы филиалының Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психотерапевті Асанали Арманбекович Сушеновпен: "Нашақорлық және есірткі құқық бұзушылықтар - жастар мен жасөспірімдер арасында оларды қалай тануға және алдын алуға болады" түсіндірме жұмыс жүргізді. Мектеп директоры Нургуль Шампатовна Рахимгожина ата-аналарға бүкіл қазақстандық қоғамның осы мәселесіне бей-жай қарамаудың маңыздылығын түсіндірді.

04 апреля 2025
"TAIQAZAN-2025"

04.04.2025 жылы Алматы қаласында үш күндік I Халықаралық "TAIQAZAN-2025" фестивалінің жабылуы өтті. Байқау қорытындысы бойынша жасөспірімдер санатындағы күміс медальдарды Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенттері жеңіп алды Кенжабаева Аружан мен Қазбек Арман жалпы командалық есепте ІІІ орын және қола медальдарға ие болды!

Фестивальге ө/о шебері Арынова Акмарал дайындады. Біздің колледждің басшысы Шугабаева Гульмира фестиваль ұйымдастырушыларына алғыс сөзін білдірді. Қазақстанның 12 облысының колледждері, Париж, Сауд Арабиясы, Түркия, Санды, Меркурий, Rixsos, Хама парк мейрамханаларының сарапшылары және т.б. қатысты. Делегация екі колледж студенттерінен құралды: Павлодар сервис және тамақтану колледжі және технологиялық колледж.

04 апреля 2025
Павлодар оқушылары экологияны қорғау үшін

«Час Земли» дүниежүзілік экологиялық акциясы аясында Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебімен балалар суреттері, парақшалар, комикстердің «ECO - мен, ECO - біз, ECO - әлем» қалалық байқауы өткізілді. Мақсаты - көркемдік-эстетикалық тәрбие беру, оқушылардың шығармашы-лық қабілеттерін қолдау. № 36, 33, 27, 25, 24, 21, 18, 15, 7, 26, 2,                                  А. Байтұрсынұлы атындағы, С. Торайғыров атындағы, А. Бөкейхан атындағы, Кенжекөл ЖОМ, А. Шамкенов атындағы, М. Әуезов атындағы, М. Әлімбаев атындағы жалпы білім беретін мектептердің 51 оқушылары қатысты.

- Оқушылар байқауға дайындалған және олар еліміздің экологиялық проблемаларын білетіндігі көрініп тұр, - дейді қазылар алқасының төрағасы Ерсін Қаскиұлы Такирбасов. - Жеңімпаздарды анықтау қиын болды, өйткені барлық жұмыстар лайықты, әр түрлі кескіндеме, графика техникасында орындалды, бұл бізді қуантады. Өйткені, байқауға қатысушылардың жұмыс деңгейі жыл сайын артып келеді.

Байқау қорытындысы қатысушылардың жасы бойынша «Сурет», «Парақшалар», «Комикстер» номинациялары бойынша шығарылды.

10 - 11 жас аралығындағы қатысушылар арасында 9 оқушы жүлделі орындарға ие болды.  «ЕСО – әлем», «Біз экология үшін», «Экологиялық шеңбер» жұмыстары үшін «Сурет» номинациясы бойынша № 24, А.Байтұрсынұлы атындағы, М. Әлімбаев атындағы мектептердің оқушылары марапатталды. «Толеранттылық - маңызды сапа», «Біздің планетамызды құтқарамыз», «Экология» жұмыстары үшін «Парақшалар» номинациясында - №36 (2), 33, А.Байтұрсынұлы атындағы мектептердің оқушылары марапатталды. «Табиғатты сақта», «Комикстер» жұмыстары үшін  «Комикстер» номинациясында - А.Байтұрсынұлы атындағы, № 27 (2) мектептердің оқушылары марапатталды.

- Мен табиғатты өте жақсы көремін. Онсыз адам өмір сүре алмайды, бірақ мен оны адамдар бүлдіріп, ластайтынына қынжыламын. Сондықтан мен өз жұмысымда барлық адамдарды табиғатты қорғауға шақырамын, - дейді № 24 ЖОМ оқушысы, 10 жастағы Айткен Жансерік.

12 - 13 жас аралығындағы қатысушылар арасында 9 оқушы жүлделі орындарға ие болды. «Болашақтың екі жолы», «Су-өмір», «Экология және әлем» жұмыстары үшін «Сурет» номинациясы бойынша № 2, 36, 18 мектеп оқушылары марапатталды. «Таңдау өзінде», «Таңдау», «Жерді қорғаңыздар» жұмыстары үшін «Парақша» номинациясында - № 15, 26, 33 мектеп оқушылары марапатталды. «Экология», «Экология: таңдау біз үшін», «ЕСО – әлем» жұмыстары үші. «Комикстер» номинациясында - № 25, 24, М.Әуезов атындағы мектептердің оқушылары марапатталды.

14 - 16 жас аралығындағы қатысушылар арасында 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды. «Адам және табиғат», «Эко – апокалипсис», «ЕСО-біз» жұмыстары үшін «Сурет» номинациясы бойынша № 21, Кенжекөл ЖОМ, А.Байтұрсынұлы атындағы мектептердің (2) оқушылары, «ЕСО – мен», «Табиғаттың тынысы», «Әлемді қорғайық» жұмыстары үшін «Парақшалар» номинациясында - № 24, 36 ЖОМ, А. Бөкейхан атындағы мектептердің оқушылары, «Таңдау әрқашан бар», «ЕСО табиғат», «Планетамыздың жақсы болуы біздің қолымызда» жұмыстары үшін «Комикстер» номинациясында - № 36, 15, А.Байтұрсынұлы атындағы мектептердің оқушылары марапатталды.

03 апреля 2025
Қала мектебіндегі балалардың қауіпсіздігі жөніндегі шаралар

Оқушылардың оқу-тәрбие процесінде Павлодар қаласының № 36 жалпы білім беретін мектебі қызметінің басым бағыты экологиялық бағыттылық және белсенді волонтерлік қызмет мәселелері болып табылады. Мектеп жұмысының негізгі бағыттарының бірі оқушылардың қауіпсіздігі болып табылады, бұл SAQ Республикалық жобасына қатысуға себеп болды. Жоба табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде оқушылар мен оқытушылар арасында қауіпсіз мінез құлық мәдениетін дамытуға бағытталған. Жобаға мектептің 1200-ден астам оқушысы мен 50 педагогтеріжұмылдырылған.

Жобаны іске асыру шеңберінде оқыту тренингтері өткізіледі, төтенше жағдайлар модельденеді, оқушылар мен персоналға арналған нұсқаулықтар мен жадынамаларәзірленеді.Ағылшын тілі мұғалімдері Анна Владимировна Пилипенко, Александра Игоревна Турий-Ладыко, психолог Оксана Владимировна Александрович штаттан тыс жағдайларға тиімді ден қоюға, оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау және тез шешім қабылдау дағдыларын үйретуге мүмкіндік беретін мамандандырылған курстардан өтті. Сондай-ақ, бастауыш сынып мұғалімдері ең кішкентай балаларға қауіпсіздік негіздерін үйретіп, жұмысқа қосылды. Қауіпсіздік жобасы оқу бағдарламасының бөлігі, оқушыларды әртүрлі өмірлік жағдайларға дайындауда жан-жақты дамуына ықпал ететінкүнделікті мінез-құлық элементі болып табылады.Осылайша, жаттығу эвакуацияларынан, төтенше жағдайлар мамандарымен кездесулерден кейін оқушылар мектепте, үйде қауіпсіздік мәселелеріне көбірек көңіл бөледі.

- Бұрын біз төтенше жағдайлар тәртібін білу қаншалықты маңызды екендігі туралы ойлағанжоқпыз. Енді біз бұл білімнің өмірдісақтапқалатынынтүсінеміз. Эвакуацияда біз үйлесімді әрекет еттік және бұл бізге сенімділік берді, - деп 9 сынып оқушысы, Виктория Смоляга өз әсерімен бөліседі.

Мектеп волонтерлік және қоғамдық ұйымдармен белсенді жұмыс істейді, бұл оқытуды тәжірибеге бағдарлауға мүмкіндік береді. SAQ жобасын іске асыруға қатысатын оқушылар командада жұмыс істеу, көшбасшылық, күйзеліске төзімділік дағдыларын қалыптастыру, өз өміріне және айналасындағыларға жауапкершілікпен қарау деңгейін арттыру арқылы қауіпсіздік туралы білім алады.

SAQ жобасының соңғы кезеңі 2025 жылғы 2 сәуірде Қазақстанның барлық серіктес мектептерінде бір мезгілде өткен Республикалық оқу-жаттығулар болды. № 36 мектепте жоспарлы өрт эвакуациясы өңірлік төтенше жағдайлар Департаментінің өкілдерімен келісілді.Іс-шарада мектеп оқушылары мен педагогтері өрт эвакуациясы кезінде дайындық деңгейін, жедел әрекет ету дағдыларын, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін көрсете алды.

Мектеп басшысы Рифкат Рашитович Муратов жобаның маңыздылығын атап өтті. - Бұл жай ғана оқыту емес, бұл қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Біз балалардың мектептегі және үйдегі қауіпсіздігі үшін алатын және қолданатын білімнің маңыздылығын түсінетінін көріп отырмыз.

02 апреля 2025
Республикалық пікірсайыс тележобасының номинанты

27 - 28 наурыз аралығында Талдықорған қаласында «Ділмар» республикалық пікірсайыс тележобасы өтті. Павлодар облысын М. Жүсіп атындағы мектептің 10-сынып оқушыларынан құралған Шектыбай Қайыр мен Абай Арнұрдан құралған команда таныстырды. Жас пікірсайысшылар қалалық және облыстық пікірсайыс турнирлерінің бірнеше дүркін жүлдегерлері болып табылады. Іріктеу кезеңінде біздің команда Талдықорған қаласының командасымен ойнады.

Тележоба қатысушылары әртүрлі өзекті тақырыптардың кең ауқымын талқылап, олардың шешу жолдарын ұсынды. Жеребе салу бойынша павлодарлық пікірсайысшылар «Жасанды интеллект мектеп бағдарламасына пән ретінде енгізілуі керек» қарарын қорғады. Пікірталастың негізгі аргументтері таңдалды: рационализация, уақытты үнемдеу, алалаушылықты жою және қайталанатын тапсырмаларды автоматтандыру.

Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша Шекыбай Қайыр «Үздік сарапшы» номинациясымен марапатталды, жетекшісі Күзембаев Аян Сансызбайұлы Жетісу облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ, павлодарлық пікірсайысшылар үшін Талдықорған қаласының № 9 мектебімен мәдени-демалыс экскурсиясы ұйымдастырылды.

Социальные сети
Білім беру басқармасы
Управление образования
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы