

Іс-шара 12–14 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған және жеке қаржылық әрі цифрлық қауіпсіздік бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Ойын және квест форматында қатысушылар қаржылық тәуекелдердің негізгі түрлерімен танысып, алаяқтық схемаларды тануды, банк карталарын және интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалануды, сондай-ақ саналы қаржылық шешімдер қабылдауды үйренеді.
Бағдарламаға викторина, тақырыптық станциялар бойынша командалық квест, рөлдік және шығармашылық тапсырмалар, сондай-ақ қорытынды рефлексия кіреді. Іс-шара форматы сыни ойлауды, жауапкершілікті, коммуникативтік дағдыларды және командада жұмыс істеу қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Экономикалық ойын күні тәрбиелік жұмыс аясында және «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру мақсатында мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында, мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлерде өткізуге ұсынылады.