Логотип

Меню

Страницы

Статья

"Адал Азамат" Бағдарламасы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы меншік түріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдарына енгізіледі.

Бағдарламаны дамыту бірнеше кезеңді қамтиды. 2025 жылы Бағдарлама аясында барлық қатысушыларды тартып, жекеменшік мектептермен жұмыс күшейтіледі. 2026 жылы Бағдарламаны қоғамға кеңінен тарату үшін пәрменді шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ «Адал азамат» тұжырымдамасының құндылықтарын ескере отырып, мектептердің бірыңғай дизайн-коды әзірленеді.

«Бүгінде барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарында біртұтас білім беру бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. IV Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы бұл бастаманың жалпыұлттық сипат алуы керектігін айтты. Осыған байланысты біз жеке білім беру ұйымдарында тәрбие бағдарламасын енгізу жұмысын жалғастырамыз. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы барлық балаларды қамтитын және жалпыұлттық сипаттағы, стратегиялық мәні бар ұзақ мерзімді құжат», – деді оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы тек қана білім беру ұйымдарындағы ғана емес, барлық мемлекеттік ұйымдардағы тәрбие жұмысына қатысты іс-қимылдың негізіне айналады. Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарында мемлекеттік органдар жүзеге асыратын іс-шараларды біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында біріздендіруді жүргізеді. Бұл тәсіл оқушылардың бойында ұлттық және азаматтық құндылықтарды дамытуға бағытталған тәрбие жұмысының біртұтас жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Бұйрық

Бағдарлама 2024

Бағдарлама 2025

Павлодар облысы білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары

АДАЛ АЗАМАТ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

Дата публикации
10 сентября 2025
Дата обновления
10 ноября 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
11 декабря 2025
Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды қамтамасыз ету
Пайдалы ақпарат
10 сентября 2025
"Адал Азамат" Бағдарламасы
Пайдалы ақпарат
30 января 2025
Құжаттар (мем.тапсырыс)

Социальные медиа

Білім беру басқармасы
Управление образования

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты