Часто задаваемые вопросы

Часто задаваемые вопросы

 «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша сұрақ-жауап

 

Сұрақ

Әлеуметтік қолдаудың қандай шаралары «Дипломмен - ауылға! бағдарламасы бойынша көзделген?

 

Жауап

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» № 126 бұйрығына сәйкес:

1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит:

- ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

- ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көзделген;

Кредитті беру мерзімі жылдық 0,01 % мөлшерде сыйақы мөлшерлемесі бойынша он бес жылға дейін.

 

Сұрақ

«Дипломмен - ауылға!» бағдарламасын кім пайдалана алады?

 

Жауап

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.

 

Сұрақ

Өтінімді қарау және жеңілдікті кредитті ұсыну мерзімдері қандай?

 

Жауап

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің өзектендірілген қағидаларына сәйкес әкімшіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап жасайды – 6 жұмыс күні.

 

Сұрақ

«Дипломмен - ауылға!» бағдарламасына қатысу үшін өтінімді қалай береді және қандай құжаттар қажет?

 

Жауап

Әлеуметтік қолдау шараларын алу өтініші Баспана Маркет https://otbasybank.kz Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы беріледі.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. l) көтерме жәрдемақы алған кезде:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың (бұдан әрі - Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

 - жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

- білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

- жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

- білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

- неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

-  Кредиттік бюродан есеп;

3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

- жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

- білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

- неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

- Кредиттік бюродан есеп.

 

Сұрақ

Тұрғын үй салуға бюджеттік кредитті пайдалануға болады ма?

 

Жауап

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі көрсетілетін қызметті алушыға мынадай шарттарды ескере отырып, тұрғын үйлердің үлгілік жобаларының нұсқаларын ұсынады:

1) тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны қырық алты айлық есептік көрсеткіштен аспайды;

2) тұрғын үй құрылысының жалпы сметалық құны берілетін кредиттің екі еселенген мөлшерінен аспайды;

3) тұрғын үй құрылысының ең ұзақ мерзімі кредит берген сәттен бастап он екі айдан аспайды.

 

Сұрақ

«Дипломмен - ауылға!» бағдарламасының қандай негізгі шарттары бар?

 

Жауап

Қызмет беруші әлеуметтік қолдау шараларын алуда ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымда кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесін алады.

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.

 

Сұрақ

«Дипломмен – ауылға!» жобасы бойынша тұрғын

үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік көмектің мөлшері қандай?

 

Жауап

Тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері - келген мамандар үшін бюджеттік кредит:

- ауданның әкімшілік орталықтары болып табылатын ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада бұл 2024 жылы 9,2 млн. теңге;

- 2024 жылы ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада бұл 7,4 млн. теңге

 

Сұрақ

Маман туыстарынан үй сатып алу үшін бюджеттік несиені

пайдалана ала ма?

 

Жауап

Жоқ, мүмкін емес. Бұл мәселені жергілікті атқарушы органдар бірнеше рет көтерді. Біз жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата -анасынан(оның ішінде асырап алушыларынан), балаларынан (оның ішінде асырап алушыларынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілерінен) тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жай сатып алуға тыйым салу жөніндегі норманы енгіздік.

 

Сұрақ

Егер бюджеттік несие мен көтерме жәрдемақы алған маман ауылдан 3 жылдан ерте кетуге шешім қабылдаса, ол не істеуі керек төлеу/орындау?

 

Жауап

Бұл мәселе әкімші, маман және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалған келісімге сәйкес шешіледі.

Маман өндірістік жағдайларға байланысты үш жылдық мерзім өткенге дейін немесе әкімшіліктің (әкімдіктің) бастамасы бойынша басқа ауылдық елді мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекен шегінде) жұмысқа ауыстыру кезінде алынған әлеуметтік қолдау шараларына құқығын сақтайды. Және онымен қосымша келісім жасалады.

Егер маман өз бастамасы бойынша әкімдіктің келісімінсіз тиісті кезеңнен аз жұмыс істесе, онда ол ұсынылған әлеуметтік қолдау шараларын толық көлемде қайтаруға тиіс.

 

 

Бюджет бойынша сұрақ-жауап

Сұрақ

«Азаматтық бюджет» ұғымы туралы айтып өтсеңіз. 

 

Жауап

Бюджет кодексінің 67-1-бабына сәйкес бюджетті жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау) және атқару сатыларында Азаматтық бюджет жасалады.

Азаматтық бюджет – бұл бұқаралық ақпарат құралдарында қоғам үшін қолжетімді нысанда жарияланатын республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі орнын ашатын ақпарат.

Азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің   2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілді.

Жергілікті бюджет бойынша Азаматтық бюджет жасалады:

- облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала), ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде – облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары;

- бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджеттің шығыстары бойынша – барлық деңгейдегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері.

 

Сұрақ

Азаматтық бюджетті жариялау тәртібі және мерзімдері қандай?

 

Жауап

Азаматтық бюджетті жариялау Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасында (МО АРБП) Азаматтық бюджеттің белгіленген құрылымын сақтаумен инфографиканы, схемаларды, диаграммаларды, кестелерді және басқа да таныстырылым нысандарын қолданумен халық үшін қолжетімді нысанда мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

Бюджетті жоспарлау сатысында Азаматтық бюджетті орналастыру мерзімдері:

- бюджеттің жобасын қалыптастыру бойынша ақпарат бюджеттің жобасын тиісті деңгейдің өкілді органына қарастыруға енгізу мерзіміне дейін бес жұмыс күні ішінде орналастырылады;

- бюджетті бекіту (нақтылау) бойынша ақпарат – тиісті деңгейдің өкілді органы бюджетті қабылдағаннан кейін он бес күнтізбелік күн орналастырылады.

 

Сұрақ

«Халық қатысатын бюджет» дегеніміз не?

 

Жауап

Облыстық маңызы бар Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында «Халық қатысатын бюджет» (ХҚБ) іске асырылуда, оның көмегімен әрбір тұрғында туған қаласының келбетін, қоғамдық тартылыс орындарын, көшелерді, аула аумақтарын және абаттандыру шеңберінде басқа бағыттарды жақсарту бойынша өзінің жобасын іске асыру мүмкіндігі болады.

Азаматтардың жобалық ұсыныстарын қабылдау және қарастыру, бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, қаражат бөлу және ХҚБ жобаларын іске асыру барысы бюджет заңнамасының нормаларына сәйкес жүргізіледі және қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады.

Тиісті әкімдіктердің парақшаларында «Халық қатысатын бюджет» жеке парағы бар, онда өзінің жобасын орналастыра алады. Парақта жобалық ұсынысты (үлгілік жоба) беруге арналған үлгі бар.

ХҚБ жалпы республикалық Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы (МО ИРБП) және «eGov mobile» ұялы қосымша арқылы іске асырылады.

Бұдан әрі орналастырылған жобалар заңнамаға сәйкес Сараптау кеңесімен қарастырылады және МО ИРБП немесе «eGov mobile» дауыс беруге ұсынылады. Қаланың әрбір тұрғыны өз дауысын сол немесе басқа жобаға бере алады.  

 

 

МЖӘ бойынша сұрақ-жауап

 

Сұрақ

МЖӘ жобаларында кәсіпкерлік субъектілерінің қатысудың негізгі шарттар, талаптары қандай? 

 

Жауап

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жобасын іске асыру бойынша конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жекеше әріптес мынадай негізгі біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

- құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігі (жеке кәсіпкер үшін) болуға;

- төлем қабілеттілігі болуға, салық берешегі болмауға;

- мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстары болуға;

- мемлекеттік сатып алуға адал емес қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;

- мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі құнының кемінде жиырма пайызын құрайтын меншікті немесе меншікті және қарыздық қаражаты болуға тиіс.

 

Сұрақ

МЖӘ шартының елеулі талаптары қандай жағдайларда өзгертілуі мүмкін

Жауап

 

Ескерту

Шарттардың елеулі талаптары бюджеттік тиімділігі (ақшалай мәнде) оң болған (бюджет шығыстарын ұлғайтпаған, мемлекеттік кірісті ұлғайтқан) жағдайда, сондай-ақ мұндай өзгерістер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына және (немесе) көлеміне және (немесе) қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпесе, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының экономикалық және (немесе) әлеуметтік тиімділігі сақталған не ұлғайған жағдайда тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін, бұған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу кезінде оның талаптарында мұндай өзгерістердің көзделу жағдайлары қосылмайды.

 

Сұрақ

МЖӘ іске асыру үшін беруге жатпайтын объектілер тізбесі?

 

Жауап

Жалпы, мемлекеттік-жекешелк әріптестік экономиканың барлық салаларында (сала) жүзеге асырылады.

Бұл ретте, МЖӘ тетіктері арқылы іске асыру үшін берілмейтін объектілер бар. Осы объектілер тізбесі Үкіметтің қаулысымен анықталды (ҚРҮ 2017 ж. 06.08. №710 қаулысы), оларға:

Жер, су (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде концессия шартын iске асыру мақсатында уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын берудi қоспағанда), өсiмдiктер әлемi және жануарлар дүниесi;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітілген қару-жарақ, әскери техника және арнайы құралдар;

Магистральды темiржол желiсі, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, теңіз терминалдары;

Мына қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, гидротораптар, басқа да гидротехникалық құрылыстар):

Қан қызметі, АИТВ/ЖИТС профилактикасы (медициналық техника сатып алу және оған сервистік қызмет көрсетуді қоспағанда), апаттар медицинасын ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

Тарихи-мәдени мұра объектілері мен мәдени құндылықтар;

Аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштары мен өнеркәсiптiк микроорганизмдер коллекциясы және депозитарийлерi жатады.

 

Сұрақ

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы не үшін керек?

Жауап

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға, жекеше әріптесті айқындауға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық платформа.

 

Сұрақ

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бастаудың тәртібі қандай?

Жауап

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 6-тармағына сәйкес МЖӘ жобасына орталық мемлекеттік органдар және (немесе) жергілікті атқарушы органдар (мемлекеттік бастама) немесе әлеуетті жекеше әріптес (жеке бастама) бастамашылық жасайды.

Қағидалардың 8-тармағына сәйкес мемлекеттік бастама бойынша МЖӘ жобаларын іске асыру конкурс негізінде жеке әріптесті айқындау жолымен жүзеге асырылады.

МЖӘ жобаларын жеке бастама бойынша іске асыру конкурс негізінде жеке әріптесті айқындау не тікелей келіссөздер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес мемлекеттік бастаманы іске асыру шеңберінде инвестициялық ұсыныс және конкурстық (аукциондық) құжаттама әзірленеді.

Жеке бастаманы іске асыру шеңберінде:

- конкурс өткізілген жағдайда әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағын әзірлейді;

- тікелей келіссөздер жүргізілген жағдайда әлеуетті жекеше әріптес бизнес-жоспар әзірлейді.