ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 951,7 млрд. теңге.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 104,1%.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 37,2 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 104,9%.
соның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 2,1 млрд. теңге (НКИ – 100,0%), мал шаруашылығы – 34,8 млрд. теңге (НКИ – 105,2%).
19,4 мың тонна (102,2%) - тірідей салмақтағы ет, 50,1 мың тонна (113,4%) – сүт, 43,5 млн. дана (90,8%) - жұмыртқа өндірілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 33,0 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 132,7%.
Барлық көздер есебінен 54,2 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.
Өсу қарқыны 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 113,2%.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 143,2 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 100,0%.
Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 22,8 млрд. теңге (15,9%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 104,9 млрд. теңге (73,3%), банк кредиттері – 5,6 млрд. теңге (3,9%), басқа қарыз қаражаты – 9,8 млрд. теңге (6,9%).
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында әрекет етуші субъектілер саны 57,0 мың бірлікті немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,3%-ды құрады.
2025 жылғы 1 қаңтарға ШОК өнімін, тауарларын және қызметтерін шығару 1 912,7 млрд. теңгені (124,6 %), жұмыспен қамтылғандар саны – 144,6 мың адамды (105,7%) құрады.
Сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-ақпан ішінде (ЕАЭО қоса алғанда) 776,9 млн. АҚШ долларын немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 93,3% құрады.
Соның ішінде тауарлар экспорты – 598,8 млн. АҚШ доллары (90,1%-ға төмендеу), импорт – 178,1 млн. АҚШ доллары (106,2%-ға төмендеу). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң – 420,6 млн. АҚШ доллары.
2025 жылғы қаңтар-наурыз ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 20,2 млн. тоннаны (2024 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 92,2%), жүк тасымалы айналымы – 8,8 млрд. тонна шақырымды (128,8%), жолаушы айналымы 7,4%-ға ұлғайды.
2025 жылғы қаңтар-наурыз ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 5,0 млн. теңгені құрады (2024 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 111,9%).
2025 жылғы наурыз ішінде тұтыну бағасының индексі 2024 жылғы желтоқсанға қарағанда 103,1%-ды құрады, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 105,2%, азық-түлік емес тауарларға – 102,4%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 101,3%.
Мемлекеттік бюджетке 185,3 млрд. теңге салық және міндетті төлемдер немесе жоспарға қарағанда 21,3% түсті, соның іішінде республикалық бюджетке 83,1 млрд. теңге (жылдық жоспарға қарағанда 18%), жергілікті бюджетке 102,2 млрд. теңге (жылдық жоспарға қарағанда 25,1%) аударылды.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2024 жылғы 4-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі - 4,7%.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде орташа айлық номиналды жалақы 372 004 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 12,8%-ға жоғары.
Әлеуметтік салаға 331,4 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 54,7%), соның ішінде білім беруге – 217,4 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 20,0 млрд.теңге.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 84,5%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін - 100%-ды құрайды.