ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 616,2 млрд. теңге.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,0%.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 23,2 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 101,3%.
соның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 1,4 млрд. теңге (НКИ – 100,0%), мал шаруашылығы – 21,6 млрд. теңге (НКИ – 101,4%).
12,1 мың тонна (95,7%) - тірідей салмақтағы ет, 31,1 мың тонна (114,0%) – сүт, 28,8 млн. дана (91,8%) - жұмыртқа өндірілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 13,0 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 131,6%.
Барлық көздер есебінен 28,1 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.
Өсу қарқыны 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 112,7%.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 69,8 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 90,4%.
Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 9,3 млрд. теңге (13,3%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 56,4 млрд. теңге (80,8%), банк кредиттері – 3,0 млрд. теңге (4,3%), басқа қарыз қаражаты – 1,1 млрд. теңге (1,6%).
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында әрекет етуші субъектілер саны 56,9 мың бірлікті немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,6%-ды құрады.
2024 жылғы 1 қазанға ШОК өнімін, тауарларын және қызметтерін шығару 1 286,8 млрд. теңгені (112,2 %), жұмыспен қамтылғандар саны – 144,9 мың адамды (102,9%) құрады.
Сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар ішінде (ЕАЭО қоса алғанда) 348,8 млн. АҚШ долларын немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 80,0% құрады.
Соның ішінде тауарлар экспорты – 274,5 млн. АҚШ доллары (22,5%-ға төмендеу), импорт – 74,3 млн. АҚШ доллары (9,7%-ға төмендеу). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң – 200,2 млн. АҚШ доллары.
2025 жылғы қаңтар-ақпан ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 13,1 млн. тоннаны (2024 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 114,6%), жүк тасымалы айналымы – 5,8 млрд. тонна шақырымды (132,8%), жолаушы айналымы 9,1%-ға ұлғайды.
2025 жылғы қаңтар ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 3 331,5 млн. теңгені құрады (2024 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 111,2%).
2025 жылғы ақпан ішінде тұтыну бағасының индексі 2024 жылғы желтоқсанға қарағанда 1019%-ды құрады, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 102,9%, азық-түлік емес тауарларға – 101,5%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 101,1%.
2025 жылғы қаңтар-ақпан ішінде мемлекеттік бюджетке 137,6 млрд. теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе жоспарға қарағанда 16,0% түсті, соның іішінде республикалық бюджетке 77,4 млрд. теңге (жылдық жоспарға қарағанда 14,7%), жергілікті бюджетке 70,1 млрд. теңге (жылдық жоспарға қарағанда 17,6%) аударылды.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2024 жылғы 4-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі - 4,7%.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде орташа айлық номиналды жалақы 372 004 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 12,8%-ға жоғары.
Әлеуметтік салаға 332,0 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 55,7%), соның ішінде білім беруге – 217,4 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 20,0 млрд.теңге.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 84,5%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін - 100%-ды құрайды.