Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қаңтар-маусым ішіндегі қорытындылары

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қаңтар-маусым ішіндегі қорытындылары

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қаңтар-маусым ішіндегі қорытындылары

 

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі - 977,0 млрд. теңгені құрады.

 Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге  қарағанда 100,6%.

Ауыл шаруашылығының өнімін жалпы шығару 66,7 млрд. теңгені құрады.

Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 101,7%.

Соның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 1 752,2  млн. теңге (НКИ – 100%), мал шаруашылығы – 64 616,8 млн. теңге (НКИ – 101,8%).

Есепті кезеңде 42,1 мың тонна (100,8%) - тірідей салмақтағы ет, 195,5  мың тонна (103,6%) – сүт, 121,9 млн. дана (103,5%) - жұмыртқа өндірілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 64,0 млрд. теңгені құрады.

Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,3%.

 Барлық көздер есебінен 103,3 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.

Өсу қарқыны 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 121,3%.

Негізгі капиталға енгізілетін инвестициялар 182,0 млрд. теңге құрады.

Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 105,7%.

Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 31,2  млрд. теңге (17,2%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 137,8 млрд. теңге (75,7%), банк кредиттері – 5,9 млрд. теңге (3,2%), басқа қарыз қаражаты – 7,1 млрд. теңге (3,9%).

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында әрекет етуші  субъектілер саны 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 45,3 мың бірлікті құрады немесе 98,1%.

2020 жылғы қаңтар-наурыз ішінде  ШОК өнімін, тауарларын және қызметтерін шығару 151 млрд. теңгені (99,6%), жұмыспен қамтылғандар саны – 128,2 мың адамды (96,1%) құрады. 

 

Сыртқы сауда айналымы 2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында 1368,2 млн АҚШ долларын немесе 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 114,4% құрады.

Соның ішінде  тауарлар экспорты – 1035,6 млн. АҚШ доллары (29,0% өсу), импорт – 332,5 млн. АҚШ доллары (15,4% төмендеу). Сыртқы сауда  айналымының сальдосы оң – 703,1 млн. АҚШ доллары.

2020 жылғы қаңтар-маусым ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі (теміржол көлігін есепке алмағанда) 60,5 млн. тоннаны (2019 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 98,4%), жүк тасымалы айналымы – 15,0 млрд. тонна шақырымды (88,1%) құрады. Жолаушы айналымы 41,7%-ға азайды.

2020 жылғы қаңтар - маусым ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 7,1 млрд. теңгені құрады (2019 жылғы қаңтар - маусымға қарағанда 99,9%).

Тұтыну  бағасының индексі 2020 жылғы маусымда 2019 жылғы желтоқсанға қарағанда 104,0%-ды құрады, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 107,2%, азық-түлік емес тауарларға – 103,0%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 100,7%.

2020 жылғы қаңтар-маусым айларында мемлекеттік бюджетке 144,0 млрд. теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамның 101,5% түсті, республикалық бюджетке 69,0 млрд. теңге (болжамның  89,4%), жергілікті бюджетке 75,0 млрд. теңге (болжамның  116,0%)  аударылды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2020 жылғы 1 тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі - 4,7%.

2020 жылғы қаңтар-наурыз ішінде орташа айлық номиналды жалақы 175 342 теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 20,2% жоғары.

Әлеуметтік салаға 165,3 млрд.теңге  бөлінді (облыс бюджетінің 46,3%), соның ішінде білім беруге – 113,8 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 12,6 млрд.теңге.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 82,0%, 3-тен 6 жасқа дейін - 100% құрап отыр.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Павлодар қ. 2 мектеп  құрылысы басталды («Сарыарқа» шағын ауданында 650 орын, «Затон»  шағын ауданында 350 орын).