«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын іске асыру туралы

«Дипломмен – ауылға!»  бағдарламасын іске асыру туралы

          Ағымдағы жылы Павлодар облысында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде облыстың 18 ауылында 3,9 млрд.теңге жалпы сомаға 95 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 85 жоба аяқталды. Аққулы, Орловка, Ертіс, Жұмыскер, Железинка, Александровка, Майқайың, Чернорецк, Көктөбе, Евгеньевка, Луганск 11 ауылда жобалар толық аяқталды.

          21 әлеуметтік объектіні жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді, жолдарды орташа жөндеу бойынша 63 жоба және су құбырын қайта құру бойынша 1 жоба аяқталды. Аталған жобалар ауылдық елді мекендерде тұратын тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсерін көрсетуде маңызды рөл атқарады.

Аталған жобаларды іске асыру Көктөбе, Шарбақты ауылдарында және Майқайың кентінде толық көлемді футбол алаңдарын ашуға мүмкіндік берді, онда футбол алаңы, резеңке-битумды негіздегі жүгіру жолдары, бар трибуналарға қайта жаңарту жүргізілді, қосалқы бөлмелері бар киіну бөлмелері салынды.

9 ауылдық елді мекенде білім беру объектілеріне жөндеу жүргізілді. Осылайша, мысал ретінде, Аққулы ауылының мектебінде есік, терезе орнату жүргізілді, ғимараттың төбесіне жөндеу жүргізілді, кабинеттерде линолеум төселді, брусчатка төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жобаның құны 113,2 млн. теңгені құрады.

 

Жобаны іске асыру 17 ауылдың 90 көшесінің 77 шақырым ауылдық жолдарын жөндеуге мүмкіндік берді.

          2021 жылы облыстың басқа ауылдарында жобаны іске асыру жалғасатын болады.