«Дипломмен – ауылға!» жобасын іске асыру туралы

«Дипломмен – ауылға!» жобасын іске асыру туралы

«Дипломмен – ауылға!» жобасы республикада 2009 жылдан бастап бірлесіп іске асырылуда. Жобаның басты мақсаты - ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.

Әлеуметтік қолдау шаралары 0,01%-бен 15 жыл мерзіммен берілетін бюджеттік кредитті (1500 АЕК) және көтерме жәрдемақыны қамтиды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы              Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың шілдесінен бастап 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін көтерме жәрдемақының мөлшері ұлғайды.

Әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені саласында жұмыс істейтін мамандар алуы мүмкін.

Жобаның жалпы талаптары әкімшіге толық құжаттама топтамасын ұсыну  және ауылда тиісті ұйымда 3 жыл жұмыс істеуі болып табылады.

Ағымдағы жылы жобаны іске асыру қағидаларына өзгертулер енгізілді және енді ауыл, кенттердің және ауылдық оркугтердің әкімі аппараттарының мамандары әлеуметтік қолдаудың аталған шараларын алуы мүмкін.

2020 жылы көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік қолдау шараларымен 454 маман қолданды және 312 маман бағдарламаның арқасында өзінің меншікті тұрғын үйін сатып алуға мүмкіндігі туды.

Бюджеттік кредиттердің ең көп саны Баянауыл және Павлодар аудандарында берілді – 59 және 47 сәйкесінше.

Сонымен қатар Павлодар ауданында ең көп көтерме жәрдемақы төленді – 84 маман.

2021 жылға облыс үшін республикалық бюджеттен 356 маманға бюджеттік кредиттер беруге 1,6 млрд.теңге көзделген.

Осылайша, 2021 жылы жобаны қаржыландыру 277 млн.теңгеге немесе 21% ұлғаяды, бұл өз кезегінде бұдан да көп мамандарға өз тұрғын үйін алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.