Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қаңтар-қазан ішіндегі қорытындылары

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қаңтар-қазан ішіндегі қорытындылары

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қаңтар-қазан ішіндегі қорытындылары

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі - 1 649,6 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге  қарағанда 100,4%.

Ауыл шаруашылығының өнімін жалпы шығару 247,3 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 105,5%.

Соның ішінде: өсімдік шаруашылығы128 873,5 млн. теңге (НКИ108,3%), мал шаруашылығы
117 755,3 млн. теңге (НКИ102,8%).

Есепті кезеңде 75,2 мың тонна (103,4%) - тірідей салмақтағы ет, 357,7 мың тонна (103,2%) – сүт, 213,6 млн. дана (102,4%) - жұмыртқа өндірілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 165,5 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 105,8%.

Барлық көздер есебінен 195,4 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.
Өсу қарқыны 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 109,6%.

Негізгі капиталға енгізілетін инвестициялар 367,8 млрд. теңге құрады.
Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,9%.

Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты65,3 млрд. теңге (17,8%), кәсіпорындардың меншік қаражаты282,2 млрд. теңге (76,7%), банк кредиттері7,8 млрд. теңге (2,1%), басқа қарыз қаражаты12,4 млрд. теңге (3,4%).

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында әрекет етуші субъектілер саны 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 45,1 мың бірлікті құрады немесе 96,6%.

2020 жылғы қаңтар-маусым ішінде ШОК өнімін, тауарларын және қызметтерін шығару 335,4 млрд. теңгені (89,5%), жұмыспен қамтылғандар саны128,7 мың адамды (95,3%) құрады

Сыртқы сауда айналымы 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 2 658,0 млн АҚШ долларын немесе 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 91,4% құрады.

Соның ішінде  тауарлар экспорты – 2031,2 млн. АҚШ доллары (6,2% төмендеу), импорт – 626,8 млн. АҚШ доллары (15,4% төмендеу). Сыртқы сауда  айналымының сальдосы оң – 1404,4 млн. АҚШ доллары.

2020 жылғы қаңтар-қазан ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі (теміржол көлігін есепке алмағанда) 106,6 млн. тоннаны (2019 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 97,0%), жүк тасымалы айналымы – 24,2 млрд. тонна шақырымды (82,9%) құрады. Жолаушы айналымы 56,7%-ға азайды.

2020 жылғы қаңтар - қазан ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 11,9 млрд. теңгені құрады (2019 жылғы қаңтар - қазанға қарағанда 98,5%).

Тұтыну бағасының индексі 2020 жылғы қазанда 2019 жылғы желтоқсанға қарағанда 105,9%-ды құрады, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 109,2%, азық-түлік емес тауарларға – 104,1%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 103,3%.

2020 жылғы қаңтар-қазан айларында мемлекеттік бюджетке 250,2 млрд. теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамның 101,1% түсті, республикалық бюджетке 119,6 млрд. теңге (болжамның 96,4%), жергілікті бюджетке 130,6 млрд. теңге (болжамның 105,8%) аударылды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2020 жылғы 3 тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі - 4,9%.

2020 жылғы қаңтар-кыркүйек ішінде орташа айлық номиналды жалақы 180460 теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 16,6% жоғары.

Әлеуметтік салаға 175,0 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 47,4%), соның ішінде білім беруге – 117,1 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 21,9 млрд.теңге.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 82,2%, 3-тен 6 жасқа дейін - 100% құрап отыр.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Павлодар қ. 2 мектеп құрылысы басталды («Сарыарқа» шағын ауданында 650 орын, «Затон» шағын ауданында 350 орын).