
ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 1 451,7 млрд. теңге.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 106,2%.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 63,5 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 104,5%.
соның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 4,6 млрд. теңге (НКИ – 103,2%), мал шаруашылығы – 58,0 млрд. теңге (НКИ – 104,7%).
29,1 мың тонна (108,7%) – өндірілген ет (тірі салмақта), 67,2 мың тонна (93,7%) – сүт, 63,4 млн. дана (105,3%) - жұмыртқа өндірілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 68,0 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 127,2%.
Барлық көздер есебінен 70,3 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.
Өсу қарқыны 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 101,7%.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 251,1 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 113,8%.
Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 8,9млрд. теңге (305%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 220,8 млрд. теңге (87,9%), банк кредиттері – 5,8 млрд. теңге (2,2%), басқа қарыз қаражаты – 15,5 млрд. теңге (6,1%).
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында қолданыстағы субъектілер саны 54,0 мың бірлікті немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 94,4%-ды құрады.
2026 жылғы 1 - қыркүйек кезеңінде ШОК өнімін, тауарларын мен қызметтерін шығару 2 406,9 млрд. теңгені (111,5%), жұмыспен қамтылғандар саны - 141,7 мың адам. (97,0%) құрады.
Сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар-наурыз ішінде (ЕАЭО-ны қоса алғанда) 865,4 млн. АҚШ долларын немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 105,7% құрады.
Соның ішінде тауарлар экспорты – 705,4 млн. АҚШ доллары (ұлғаюы -11,3%), импорт – 160,0 млн. АҚШ доллары (төмендеуі 6,1%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң – 545,4 млн. АҚШ доллары.
2026 жылғы қаңтар-сәуір ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 27,1 млн. тоннаны (2025 жылғы қаңтар-сәуір ішінде 115,5%), жүк тасымалы айналымы – 11,7 млрд. тонна шақырымды (101,6%), жолаушы айналымы 3,0%-ға азайды.
2026 жылғы қаңтар-суәір ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 6 466,2 млн. теңгені құрады (2025 жылғы қаңтар-сәуір ішінде 93,6%).
2026 жылғы ақпанда тұтыну бағасының индексі 2025 жылғы желтоқсанға қарағанда 102,9%, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 102,8%, азық-түлік емес тауарларға – 103,4%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 102,5%.
2025 жылғы қаңтар-сәуір ішінде мемлекеттік бюджетке 343,3 млрд. теңге салық және басқа міндетті төлемдер немесе кезең жоспарға қарағанда 26,4% түсті, соның ішінде республикалық бюджетке 162,1 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 26,3%), жергілікті бюджетке 172,1 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 26,4%) түсті.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2026 жылғы 4-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі – 4,9%.
2026 жылғы қаңтар-наурыз ішінде орташа айлық номиналды жалақы 448,9 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 12,4%-ға жоғары.
Әлеуметтік салаға 355,9 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 50,7%), соның ішінде білім беруге – 237,1 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 19,6 млрд.теңге.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 85,0%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін - 100%-ды құрайды.