Павлодар облысының 2026 жылғы қаңтар – ақпан ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары

Павлодар облысының 2026 жылғы қаңтар – ақпан ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 706,5 млрд. теңге.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге  қарағанда 102,4%.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 28,2 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 104,3%.

соның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 2,5 млрд. теңге (НКИ – 100,0%), мал шаруашылығы – 25,3   млрд. теңге (НКИ – 104,8%).

13,2  мың тонна (109,0%) – өндірілген ет (тірі салмақта), 28,7 мың тонна (92,3%) – сүт, 31,8 млн. дана (110,7%) - жұмыртқа өндірілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 15,9 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 113,1%.

Барлық көздер есебінен 28,7 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.

Өсу қарқыны 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 102,4%.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 85,7 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 114,5%.

Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 0,4 млрд. теңге (0,6%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 78,5 млрд. теңге (91,6%), банк кредиттері – 4,7 млрд. теңге (5,5%), басқа қарыз қаражаты – 1,9 млрд. теңге (2,2%).

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында қолданыстағы субъектілер саны 57,2 мың бірлікті немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 100,4%-ды құрады.

2025 жылғы 1 - қыркүйек кезеңінде ШОК өнімін, тауарларын мен қызметтерін шығару 1 628,6 млрд. теңгені (115,8%), жұмыспен қамтылғандар саны - 141,8 мың адам. (97,9%) құрады.

Сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтарда (ЕАЭО-ны қоса алғанда)  332,4 млн. АҚШ долларын немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 95,6% құрады.

Соның ішінде  тауарлар экспорты – 262,9 млн. АҚШ доллары (төмендеуі-3,9%), импорт – 69,5 млн. АҚШ доллары (төмендеуі 6,4%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң  – 193,5 млн. АҚШ доллары.

2026 жылғы қаңтар-ақпан ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 13,5 млн. тоннаны (2025 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 122,0%), жүк тасымалы айналымы – 5,7 млрд. тонна шақырымды (99,9%), жолаушы айналымы 4,2%-ға азайды.

2026 жылғы қаңтар-ақпан ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 3 222,7 млн. теңгені құрады (2026 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 95,2%).

2026 жылғы ақпанда тұтыну бағасының индексі 2025 жылғы желтоқсанға қарағанда 101,7%, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 101,7%, азық-түлік емес тауарларға – 102,2%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 101,2%.

2025 жылғы қаңтарда мемлекеттік бюджетке 194,0 млрд. теңге салық және басқа міндетті төлемдер немесе кезең жоспарға қарағанда 15,2% түсті, соның ішінде республикалық бюджетке 110,4 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 17,9%), жергілікті бюджетке 83,6 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 12,6%) түсті.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2025 жылғы 4-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі – 4,9%.

2025 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде орташа айлық номиналды жалақы 405,8 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 12,7%-ға жоғары.

Әлеуметтік салаға 355,9 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 50,7%), соның ішінде білім беруге – 241,2 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 16,3 млрд.теңге.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 85,0%-ды,     3-тен 6 жасқа дейін - 100%-ды құрайды.