
ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 3 547,7 млрд. теңге.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 100,9%.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 523,2 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 108,2%.
соның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 343,2 млрд. теңге (НКИ – 112,6%), мал шаруашылығы – 177,2 млрд. теңге (НКИ – 100,4%).
94,4 мың тонна (96,8%) – өндірілген ет (тірі салмақта), 237,1 мың тонна (108,0%) – сүт, 181,8 млн. дана (96,3%) - жұмыртқа өндірілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 398,8 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 121,4%.
Барлық көздер есебінен 394,8 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.
Өсу қарқыны 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 107,6%.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 1 139,4 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 150,1%.
Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 122,8 млрд. теңге (10,8%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 820,8 млрд. теңге (80,8%), банк кредиттері – 32,7 млрд. теңге 2,9%), басқа қарыз қаражаты – 62,7 млрд. теңге (5,5%).
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында әрекет етуші субъектілер саны 57,6 мың бірлікті немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 100,5%-ды құрады.
2025 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде ШОК өнімін, тауарларын мен қызметтерін шығару 914,2 млрд. теңгені (112,6%), 2025 жылғы 1 шілдеде жұмыспен қамтылғандар саны - 140,1 мың адам. (100,8%) құрады.
Сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-қазан ішінде 4 206,5 млн. АҚШ долларын немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 96,8% құрады.
Соның ішінде тауарлар экспорты – 2 969,3 млн. АҚШ доллары (90,5%), импорт – 1 237,2 млн. АҚШ доллары (116,5%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң – 1 732,1 млн. АҚШ доллары.
2025 жылғы қаңтар-қараша ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 79,9 млн. тоннаны (2024 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 79,0%), жүк тасымалы айналымы – 32,7 млрд. тонна шақырымды (111,4%), жолаушы айналымы 4,2%-ға ұлғайды.
2025 жылғы қаңтар-қараша ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 18 955,4 млн. теңгені құрады (2024 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 109,1%).
2025 жылғы қазан ішінде тұтыну бағасының индексі 2024 жылғы желтоқсанға қарағанда 112,5 %, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 115,0%, азық-түлік емес тауарларға – 109,8%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 112,5%.
Мемлекеттік бюджетке 773,5 млрд. теңге салық және басқа міндетті төлемдер немесе кезең жоспарға қарағанда 86,5% түсті, соның ішінде республикалық бюджетке 377,9 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 81,7%), жергілікті бюджетке 395,7 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 91,7%) аударылды.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2025 жылғы 3-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі – 5,1%.
2025 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде орташа айлық номиналды жалақы 405 835 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 12,7%-ға жоғары.
Әлеуметтік салаға 336,0 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 51,2%), соның ішінде білім беруге – 222,7 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 20,5 млрд.теңге.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 84,8%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін - 100%-ды құрайды.