Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылғы қаңтар-қазан ішіндегі қорытындылары

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылғы қаңтар-қазан ішіндегі қорытындылары

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 3 123,8 млрд. теңге.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге  қарағанда 99,8%.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 427,1 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 107,4%.

соның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 265,3 млрд. теңге (НКИ – 110,4%), мал шаруашылығы – 159,3  млрд. теңге (НКИ – 100,8%).

84,4 мың тонна (97,2%) – өндірілген ет (тірі салмақта), 220,6 мың тонна (108,4%) – сүт, 164,6 млн. дана (95,3%) - жұмыртқа өндірілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 356,8 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 122,6%.

Барлық көздер есебінен 305,9 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.
Өсу қарқыны 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,3%.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 1 014,3 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 150,3%.

Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 109,6 млрд. теңге (10,8%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 820,8 млрд. теңге (80,9%), банк кредиттері – 24,7 млрд. теңге 2,4%), басқа қарыз қаражаты – 59,0 млрд. теңге (5,8%).

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында әрекет етуші субъектілер саны 57,1 мың бірлікті немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 100,2%-ды құрады.

2025 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде ШОК өнімін, тауарларын мен қызметтерін шығару 914,2 млрд. теңгені (112,6%), 2025 жылғы 1 шілдеде жұмыспен қамтылғандар саны - 140,1 мың адам. (100,8%) құрады.

Сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде 3 910,7 млн. АҚШ долларын немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 101,9% құрады.

Соның ішінде  тауарлар экспорты – 2 836,3 млн. АҚШ доллары (98,0%), импорт – 1 074,5 млн. АҚШ доллары (113,7%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң – 1 761,8 млн. АҚШ доллары.

2025 жылғы қаңтар-қазан ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 72,2 млн. тоннаны (2024 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 76,9%), жүк тасымалы айналымы – 29,6 млрд. тонна шақырымды (112,1%), жолаушы айналымы 11,1%-ға ұлғайды.

2025 жылғы қаңтар-қазан ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 17 231,8 млн. теңгені құрады (2024 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 109,7%).

2025 жылғы қыркүйек ішінде тұтыну бағасының индексі 2024 жылғы желтоқсанға қарағанда, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 112,8%, азық-түлік емес тауарларға – 109,4%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 110,2%.

Мемлекеттік бюджетке 657,3 млрд. теңге салық және басқа міндетті төлемдер немесе кезең жоспарға қарағанда 73,6% түсті, соның іішінде республикалық бюджетке 305,7 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 66,1%), жергілікті бюджетке 351,6 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 81,8%) аударылды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2025 жылғы 3-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі – 5,1%.

2025 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде орташа айлық номиналды жалақы 405 835 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 12,7%-ға жоғары.

Әлеуметтік салаға 337,5 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 51,4%), соның ішінде білім беруге – 222,7 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 20,5 млрд.теңге.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 84,8%-ды,     3-тен 6 жасқа дейін - 100%-ды құрайды.