Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек ішіндегі қорытындылары

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек ішіндегі қорытындылары

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 2 802,9 млрд. теңге.

Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге  қарағанда 100,7%.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 329,4 млрд. теңгені құрады.

Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 102,7%.

соның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 187,5 млрд. теңге (НКИ – 110,1%), мал шаруашылығы – 139,8  млрд. теңге (НКИ – 100,7%).

72,7 мың тонна (96,7%) – өндірілген ет (тірі салмақта), 201,3 мың тонна (108,9%) – сүт, 148,3 млн. дана (94,9%) - жұмыртқа өндірілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 325,9 млрд. теңгені құрады.

Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 123,0%.

Барлық көздер есебінен 238,3 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.

Өсу қарқыны 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 100,0%.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 769,2 млрд. теңгені құрады.

Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 126,7%.

Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 92,8 млрд. теңге (12,1%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 597,5 млрд. теңге (77,7%), банк кредиттері – 23,5 млрд. теңге (3,1%), басқа қарыз қаражаты – 55,1 млрд. теңге (7,2%).

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында әрекет етуші субъектілер саны 57,2 мың бірлікті немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 100,9%-ды құрады.

2025 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде ШОК өнімін, тауарларын мен қызметтерін шығару 914,2 млрд. теңгені (112,6%), 2025 жылғы 1 шілдеде жұмыспен қамтылғандар саны - 140,1 мың адам. (100,8%) құрады.

Сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-тамыз ішінде 3 487,9 млн. АҚШ долларын немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 101,5% құрады.

Соның ішінде  тауарлар экспорты – 2 523,1 млн. АҚШ доллары (97,4%), импорт – 964,9 млн. АҚШ доллары (114,2%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң – 1 558,2 млн. АҚШ доллары.

2025 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 64,4 млн. тоннаны (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 75,2%), жүк тасымалы айналымы – 26,6 млрд. тонна шақырымды (114,5%), жолаушы айналымы 4,0%-ға ұлғайды.

2025 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 15 496,2 млн. теңгені құрады (2024 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 110,2%).

2025 жылғы қыркүйек ішінде тұтыну бағасының индексі 2024 жылғы желтоқсанға қарағанда, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 111,0%, азық-түлік емес тауарларға – 108,0%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 112,9%.

Мемлекеттік бюджетке 605,8 млрд. теңге салық және басқа міндетті төлемдер немесе кезең жоспарға қарағанда 69,1% түсті, соның іішінде республикалық бюджетке 291,0 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 62,9%), жергілікті бюджетке 314,8 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 76,1%) аударылды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2025 жылғы 2-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі - 4,9%.

2025 жылғы қаңтар-маусым ішінде орташа айлық номиналды жалақы 405 379 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 13,0%-ға жоғары.

Әлеуметтік салаға 334,7 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 52,3%), соның ішінде білім беруге – 220,8 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 20,1 млрд.теңге.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 84,8%-ды,     3-тен 6 жасқа дейін - 100%-ды құрайды.