Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылғы қаңтар-шілде ішіндегі қорытындылары

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылғы қаңтар-шілде ішіндегі қорытындылары

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 2 144,6 млрд. теңге.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге  қарағанда 101,8%.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 126,3 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 102,6 %.

соның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 19,4 млрд. теңге (НКИ – 114,2%), мал шаруашылығы – 105,2 млрд. теңге (НКИ – 100,8%).
55,2 мың тонна (96,7%) – (тірідей салмақтағы ) ет, 153,4 мың тонна (110,0%) – сүт, 111,8  млн. дана (93,5%) - жұмыртқа өндірілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 163,0 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 113,4%.

Барлық көздер есебінен 175,8 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.

Өсу қарқыны 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 100,2%.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 535,1 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 112,3%.

Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 66,1 млрд. теңге (12,3%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 422,7 млрд. теңге (79,0%), банк кредиттері – 15,3  млрд. теңге (2,9%), басқа қарыз қаражаты – 31,0 млрд. теңге (5,8%).

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында әрекет етуші субъектілер саны 57,0 мың бірлікті немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 101,1%-ды құрады.

2025 жылғы  қаңтар-наурыз кезеңінде  ШОК өнімін, тауарларын және қызметтерін шығару 427,1 млрд. теңгені (144,5 %), 2025 жылғы 1 сәуірде  жұмыспен  қамтылғандар саны – 138,2 мың адамды (99,3 %) құрады. 

Сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-маусым ішінде  2 599,4 млн. АҚШ долларын немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 101,5% құрады.

Соның ішінде  тауарлар экспорты – 1 869,1  млн. АҚШ доллары (96,0%), импорт – 730,3  млн. АҚШ доллары (118,7%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң – 1 138,8 млн. АҚШ доллары.

2025 жылғы қаңтар-шілде  ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 27,0 млн. тоннаны (2024 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 84,4%), жүк тасымалы айналымы – 20,4 млрд. тонна шақырымды (117,9%), жолаушы айналымы 5,2%-ға ұлғайды.

2025 жылғы қаңтар-шілде ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 12 104,5 млн. теңгені құрады (2024 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 112,0%).

2025 жылғы шілдеде тұтыну бағасының индексі 2024 жылғы желтоқсанға қарағанда 107,8%-ды құрады, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 108,9%, азық-түлік емес тауарларға – 105,1%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 109,5%.

Мемлекеттік бюджетке 446,6 млрд. теңге салық және міндетті төлемдер немесе жоспарға қарағанда 51% түсті, соның ішінде республикалық бюджетке 212,7 млрд. теңге (кезең жоспарғына 46%), жергілікті бюджетке 233,9 млрд. теңге (кезең жоспарына 56,7%) аударылды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2025 жылғы 1-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі - 4,8%.

2025 жылғы қаңтар-маусым ішінде орташа айлық номиналды жалақы 405 379 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 13,0%-ға жоғары.

Әлеуметтік салаға 335,9 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 52,5%), соның ішінде білім беруге – 220,8 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 20,1 млрд.теңге.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен 84,5%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін - 100%-ды құрайды.