Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылғы қаңтар-мамыр ішіндегі қорытындылары

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылғы қаңтар-мамыр ішіндегі қорытындылары

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 1 541,4 млрд. теңге.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге  қарағанда 102,2%.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 68,5 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 102,0%.

соның ішінде: өсімдік шаруашылығы –3,3 млрд. теңге (НКИ – 100,0%), мал шаруашылығы – 64,1 млрд. теңге (НКИ – 102,1%).

34,0 мың тонна (98,2%) - тірідей салмақтағы ет, 95,6 мың тонна (110,5%) – сүт, 76,4 млн. дана (93,0%) - жұмыртқа өндірілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 74,3 млрд. теңгені құрады.

Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 137,4%.

Барлық көздер есебінен 99,4 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.

Өсу қарқыны 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 107,6%.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 304,8 млрд. теңгені құрады.

Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 119,3%.

Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 43,3 млрд. теңге (14,2%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 228,1 млрд. теңге (74,8%), банк кредиттері – 13,9 млрд. теңге (4,6%), басқа қарыз қаражаты – 19,5 млрд. теңге (6,4%).

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында әрекет етуші субъектілер саны 56,8 мың бірлікті немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 102,2%-ды құрады.

2025 жылғы 1 қаңтарға ШОК өнімін, тауарларын және қызметтерін шығару 1 912,7 млрд. теңгені (124,6 %), жұмыспен қамтылғандар саны – 144,6 мың адамды (105,7%) құрады. 

Сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-сәуір ішінде (ЕАЭО қоса алғанда) 1 642,4 млн. АҚШ долларын немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 95,1% құрады.

Соның ішінде  тауарлар экспорты – 1 166,6 млн. АҚШ доллары (88,8%-ға төмендеу), импорт – 475,8 млн. АҚШ доллары (115,4%-ға төмендеу). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң – 511,8 млн. АҚШ доллары.

2025 жылғы қаңтар-мамыр ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 34,5 млн. тоннаны (2024 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 82,3%), жүк тасымалы айналымы – 14,6 млрд. тонна шақырымды (124,1%), жолаушы айналымы 12,2%-ға ұлғайды.

2025 жылғы қаңтар-мамыр ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 8,6 млрд. теңгені құрады (2024 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 113,0%).

2025 жылғы мамыр ішінде тұтыну бағасының индексі 2024 жылғы желтоқсанға қарағанда 106,2%-ды құрады, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 107,6%, азық-түлік емес тауарларға – 103,3%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 107,7%.

Мемлекеттік бюджетке 351,6 млрд. теңге салық және міндетті төлемдер немесе жоспарға қарағанда 40,2% түсті, соның іішінде республикалық бюджетке 171,5 млрд. теңге (жылдық жоспарға қарағанда 37,1%), жергілікті бюджетке 180,1 млрд. теңге (жылдық жоспарға қарағанда 43,7%) аударылды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2025 жылғы 1-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі - 4,8%.

2025 жылғы қаңтар-наурыз ішінде орташа айлық номиналды жалақы 399 489 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 13,5%-ға жоғары.

Әлеуметтік салаға 336,3 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 53,7%), соның ішінде білім беруге – 219,4 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 20,4 млрд.теңге.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 84,5%-ды,     3-тен 6 жасқа дейін - 100%-ды құрайды.