ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 1 249,2 млрд. теңге.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,1%.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 52,6 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,4%.
соның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 2,8 млрд. теңге (НКИ – 100,0%), мал шаруашылығы – 49,4 млрд. теңге (НКИ – 103,6%).
26,8 мың тонна (100,0%) - тірідей салмақтағы ет, 71,7 мың тонна (112,2%) – сүт, 60,2 млн. дана (93,0%) - жұмыртқа өндірілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 49,6 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 138,5%.
Барлық көздер есебінен 69,1 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.
Өсу қарқыны 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 119,0%.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 207,2 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 111,4%.
Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 30,3 млрд. теңге (14,6%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 151,0 млрд. теңге (72,9%), банк кредиттері – 13,2 млрд. теңге (6,4%), басқа қарыз қаражаты – 12,7 млрд. теңге (6,1%).
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында әрекет етуші субъектілер саны 57,3 мың бірлікті немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,5%-ды құрады.
2025 жылғы 1 қаңтарға ШОК өнімін, тауарларын және қызметтерін шығару 1 912,7 млрд. теңгені (124,6 %), жұмыспен қамтылғандар саны – 144,6 мың адамды (105,7%) құрады.
Сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-наурыз ішінде (ЕАЭО қоса алғанда) 1 178,3 млн. АҚШ долларын немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 89,7% құрады.
Соның ішінде тауарлар экспорты – 873,4 млн. АҚШ доллары (88,1%-ға төмендеу), импорт – 304,9 млн. АҚШ доллары (94,9%-ға төмендеу). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң – 568,5 млн. АҚШ доллары.
2025 жылғы қаңтар-сәуір ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 27,0 млн. тоннаны (2024 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 84,4%), жүк тасымалы айналымы – 11,6 млрд. тонна шақырымды (126,1%), жолаушы айналымы 8,7%-ға ұлғайды.
2025 жылғы қаңтар-сәуір ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 6,8 млрд. теңгені құрады (2024 жылғы қаңтар-нсәуіргеқарағанда 112,9%).
2025 жылғы сәуір ішінде тұтыну бағасының индексі 2024 жылғы желтоқсанға қарағанда 104,1%-ды құрады, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 106,3%, азық-түлік емес тауарларға – 102,9%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 102,6%.
Мемлекеттік бюджетке 254,5 млрд. теңге салық және міндетті төлемдер немесе жоспарға қарағанда 29,2% түсті, соның іішінде республикалық бюджетке 110,3 млрд. теңге (жылдық жоспарға қарағанда 23,9%), жергілікті бюджетке 144,2 млрд. теңге (жылдық жоспарға қарағанда 35,2%) аударылды.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2025 жылғы 1-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі - 4,8%.
2025 жылғы қаңтар-наурыз ішінде орташа айлық номиналды жалақы 399 489 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 13,5%-ға жоғары.
Әлеуметтік салаға 334,9 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 55,3%), соның ішінде білім беруге – 219,4 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 20,4 млрд.теңге.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 84,5%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін - 100%-ды құрайды.