Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қаңтар-тамыз ішіндегі қорытындылары

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының  2020 жылғы қаңтар-тамыз ішіндегі қорытындылары

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қаңтар-тамыз ішіндегі қорытындылары

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі - 1 288,4 млрд. теңгені құрады.
 Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге  қарағанда 100,5%.

Ауыл шаруашылығының өнімін жалпы шығару 115,0 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 104,8%.

Соның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 22 098,9  млн. теңге (НКИ – 115,6%), мал шаруашылығы –    92 383,6 млн. теңге (НКИ – 102,7%).

Есепті кезеңде 57,4 мың тонна (102,7%) - тірідей салмақтағы ет, 291,9 мың тонна (103,1%) – сүт, 170,2 млн. дана (104,3%) - жұмыртқа өндірілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 101,3 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 102,3%.

 Барлық көздер есебінен 126,3 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.

Өсу қарқыны 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 108,8%.

Негізгі капиталға енгізілетін инвестициялар 266,6 млрд. теңге құрады.
Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 106,8%.

Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 50,4  млрд. теңге (18,9%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 201,5 млрд. теңге (75,6%), банк кредиттері – 6,4 млрд. теңге (2,4%), басқа қарыз қаражаты – 8,3 млрд. теңге (3,1%).

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында әрекет етуші  субъектілер саны 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 44,9 мың бірлікті құрады немесе 97,3%.

2020 жылғы қаңтар-наурыз ішінде  ШОК өнімін, тауарларын және қызметтерін шығару 151 млрд. теңгені (99,6%), жұмыспен қамтылғандар саны – 128,2 мың адамды (96,1%) құрады. 

Сыртқы сауда айналымы 2020 жылғы қаңтар-шілде айларында 2006,0 млн АҚШ долларын немесе 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 90,7% құрады.

Соның ішінде  тауарлар экспорты – 1528,1 млн. АҚШ доллары (6,9% төмендеу), импорт – 477,8 млн. АҚШ доллары (16,1% төмендеу). Сыртқы сауда  айналымының сальдосы оң – 1050,3 млн. АҚШ доллары.

2020 жылғы қаңтар-тамыз ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі (теміржол көлігін есепке алмағанда) 85,7 млн. тоннаны (2019 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 99,8%), жүк тасымалы айналымы – 20,3 млрд. тонна шақырымды (87,9%) құрады. Жолаушы айналымы 52,3%-ға азайды.

2020 жылғы қаңтар - тамыз ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 9,5 млрд. теңгені құрады (2019 жылғы қаңтар - тамызға қарағанда 99,4%).

Тұтыну  бағасының индексі 2020 жылғы тамызда 2019 жылғы желтоқсанға қарағанда 104,3%-ды құрады, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 107,6%, азық-түлік емес тауарларға – 103,5%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 100,8%.

2020 жылғы қаңтар-тамыз айларында мемлекеттік бюджетке 204,6 млрд. теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамның 101,2% түсті, республикалық бюджетке 98,4 млрд. теңге (болжамның  90,8%), жергілікті бюджетке 106,2 млрд. теңге (болжамның  113,2%)  аударылды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2020 жылғы 2 тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі - 4,8%.

2020 жылғы қаңтар-маусым ішінде орташа айлық номиналды жалақы 178 739 теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 18,0% жоғары.

Әлеуметтік салаға 174,2 млрд.теңге  бөлінді (облыс бюджетінің 47,3%), соның ішінде білім беруге – 116,9 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 20,2 млрд.теңге.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 82,0%, 3-тен 6 жасқа дейін - 100% құрап отыр.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Павлодар қ. 2 мектеп құрылысы басталды («Сарыарқа» шағын ауданында 650 орын, «Затон»  шағын ауданында 350 орын).