Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қаңтар-шілде ішіндегі қорытындылары

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының  2020 жылғы қаңтар-шілде ішіндегі қорытындылары

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қаңтар-шілде ішіндегі қорытындылары

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі - 1 124,9 млрд. теңгені құрады.
 Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге  қарағанда 100,4%.

Ауыл шаруашылығының өнімін жалпы шығару 87,1 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 102,2%.

Соның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 7 743,5  млн. теңге (НКИ – 100,4%), мал шаруашылығы –    78 956,6 млн. теңге (НКИ – 102,4%).

Есепті кезеңде 50,1 мың тонна (101,9%) - тірідей салмақтағы ет, 245,6  мың тонна (103,3%) – сүт, 146,1 млн. дана (104,2%) - жұмыртқа өндірілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 84,0 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 101,6%.

Барлық көздер есебінен 118,8 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.

Өсу қарқыны 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 127,6%.

Негізгі капиталға енгізілетін инвестициялар 233,0 млрд. теңге құрады.
Нақты көлем индексі – 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 111,7%.

Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 43,1  млрд. теңге (18,5%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 175,7 млрд. теңге (75,4%), банк кредиттері – 6,3 млрд. теңге (2,7%), басқа қарыз қаражаты – 7,9 млрд. теңге (3,4%).

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында әрекет етуші  субъектілер саны 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 44,7 мың бірлікті құрады немесе 97,1%.

2020 жылғы қаңтар-наурыз ішінде  ШОК өнімін, тауарларын және қызметтерін шығару 151 млрд. теңгені (99,6%), жұмыспен қамтылғандар саны – 128,2 мың адамды (96,1%) құрады. 

Сыртқы сауда айналымы 2020 жылғы қаңтар-маусым айларында 1712,9 млн АҚШ долларын немесе 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 123,0% құрады.

Соның ішінде  тауарлар экспорты – 1307,4 млн. АҚШ доллары (42,9% өсу), импорт – 405,5 млн. АҚШ доллары (15,1% төмендеу). Сыртқы сауда  айналымының сальдосы оң – 901,8 млн. АҚШ доллары.

2020 жылғы қаңтар-шілде ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі (теміржол көлігін есепке алмағанда) 73,0 млн. тоннаны (2019 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 99,0%), жүк тасымалы айналымы – 17,6 млрд. тонна шақырымды (88,1%) құрады. Жолаушы айналымы 48,3%-ға азайды.

2020 жылғы қаңтар - шілде ішінде байланыс қызметінен түскен кіріс 8,3 млрд. теңгені құрады (2019 жылғы қаңтар - шілдеге қарағанда 99,7%).

Тұтыну  бағасының индексі 2020 жылғы шілдеде 2019 жылғы желтоқсанға қарағанда 104,1%-ды құрады, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 107,7%, азық-түлік емес тауарларға – 103,1%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 100,3%.

2020 жылғы қаңтар-шілде айларында мемлекеттік бюджетке 162,3 млрд. теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамның 99,9% түсті, республикалық бюджетке 75,5 млрд. теңге (болжамның  87,1%), жергілікті бюджетке 86,8 млрд. теңге (болжамның  114,7%)  аударылды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2020 жылғы 2 тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі - 4,8%.

2020 жылғы қаңтар-маусым ішінде орташа айлық номиналды жалақы 178 739 теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 18,0% жоғары.

Әлеуметтік салаға 166,4 млрд.теңге  бөлінді (облыс бюджетінің 46,4%), соның ішінде білім беруге – 115,4 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 13,4 млрд.теңге.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 82,0%, 3-тен 6 жасқа дейін - 100% құрап отыр.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Павлодар қ. 2 мектеп  құрылысы басталды («Сарыарқа» шағын ауданында 650 орын, «Затон»  шағын ауданында 350 орын).