5 мамырда Аққулы ауданының ЖОМ, колледждері мен БЖСМ басшылығына, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, психологтарына, жаттықтырушыларына және т.б. семинарлар ұйымдастырылды

5 мамырда Аққулы ауданының ЖОМ, колледждері мен БЖСМ басшылығына, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, психологтарына, жаттықтырушыларына және т.б. семинарлар ұйымдастырылды

 

 

     А.ж. мамыр айында дін істері басқармасы меноблыстық терроризмге қарсы комиссия өкілідерімен бірге, кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы діни экстремизмнің алдын алу бойынша жол карталарын орындау аясындаоблыстың білім беру, дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп семинарлар өткізуді жалғастырды.

     Осылайша, а.ж. 5 мамырда Аққулы ауданының ЖОМ, колледждері мен БЖСМ басшылығына, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, психологтарына, жаттықтырушыларына және т.б. семинарлар ұйымдастырылды. Семинардың тақырыбы: «Оқыту мен тәрбиелеудің зайырлы сипатын қамтамасыз ету, діни экстремизмнің алдын алу, конфессияаралық толеранттылық пен келісімді қалыптастыру».

      Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері: облыстың дін істері басқармасының басшысы Б. Қаппасов, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директорыГ. Раздықова, сондай-ақ облыстық ТҚК қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – Д.Абельдинова, облыстық ТҚК бөлімінің бас инспекторы Ж. Слямов сөз сөйлеп, қысқа бейнероликтер көрсетті. Соңында мұғалімдер және спорт қоғамдастығымен диалог өтті. Барлық сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді.Семинарға спорт және білім беру саласындағы 80-ге жуық маман қатысты.

      Сондай-ақ, ТҚК бас инспекторы ЖОМ мен колледж басшыларын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғау талаптарына қатысты хабардар етті.

       Жалпы Павлодар облысында аталған семинарлар Тереңкөл ауданын қоспағанда, барлық қалалар мен аудандарда өткізілді. Алдағы уақытта семинар қалған ауданда өткізіледі.