Облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің дін мәселелері бойынша АТТ мүшелеріне арналған семинар өткізді

Облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің дін мәселелері бойынша АТТ мүшелеріне арналған семинар өткізді

     А.ж. 25 сәуірде Инновациялық Еуразия университетінде облыстық дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту ортвлығы» ЖШС қызметкерлері облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің дін мәселелері бойынша АТТ мүшелеріне арналған семинар өткізді. Семинардың тақырыбы: «Діни экстремизм мен терроризм идеяларының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысын ұйымдастыру». Семинарға қатысқандар: Б. Қаппасов - облыс діністері басқармасының басшысы, Л. Шәкімова - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Республикалық АТТ сарапшы-психологі, Астана қ., Г. Мұқатаева - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, ҚР Әділет министрлігінің Сот сарапшылары палатасының сот сарапшысы, Алматы қ., А. Әбитова - Павлодар облысы әкімі аппаратының ТҚК тобының бас инспекторы.

    Шақырылған сарапшылар АТТ мүшелеріне«Жастар ортасындағы деструктивті мінез-құлық», «Ислам мемлекетінен» оралған қазақстандық әйелдерді радикалсыздандыру және реинтеграциялау», «Тәуекел топтарында» профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» тақырыптары бойынша кеңінен әңгімелеп берді.

     Семинар соңында қорытындылар шығарылып,қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді және сертификаттар табысталды.