Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жол карталарын орындау аясында облыстың білім беру, дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп семинарлар өткізілуі жалғасуда

Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жол карталарын орындау аясында облыстың білім беру, дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп семинарлар өткізілуі жалғасуда

      А.ж. сәуір айында дін істері басқармасы және Терроризмге қарсы комиссияның өкілімен бірге кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы діни экстремизмнің алдын алу бойынша жол карталарын орындау аясында облыстың білім беру, дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп семинарлар өткізуді жалғастырды.

      Осылайша, а.ж. 17 және 23 сәуірінде Павлодар, Успен және Шарбақты аудандарының ЖОМ, колледждері мен БЖСМ басшылығына, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, психологтарына, жаттықтырушыларына және т.б. семинарлар ұйымдастырылды. Семинардың тақырыбы: «Оқыту мен тәрбиелеудің зайырлы сипатын қамтамасыз ету, діни экстремизмнің алдын алу, конфессияаралық толеранттылық пен келісімді қалыптастыру».

      Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері: облыстың дін істері басқармасының басшысы - Б. Қаппасов, Облыстың ТҚК тобының бас инспекторы - Ж. Слямов, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы»ЖШС директоры - Г. Раздықова, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы - З. Асанбаева сөз сөйлеп, қысқа бейнероликтер көрсетті. Соңында мұғалімдер және спорт қоғамдастығымен диалог өтті. Барлық сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді.

     Сондай-ақ, ТҚК бас инспекторы ЖОМ, колледждер мен БЖСМ басшыларын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғау талаптарына қатысты хабардар етті.

      Жалпы Павлодар облысында аталған семинарлар Аққулы және Тереңкөл қоспағанда, барлық қалалар мен аудандарда өткізілді. Алдағы уақытта семинарлар қалған аудандарда өткізіледі.