Павлодар облысында Пасха мерекесіне арналған брифинг өтті

Павлодар облысында Пасха мерекесіне арналған брифинг өтті

      Бүгін Павлодар облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде христиан дінінің маңызды мейрамдарының бірі – Пасха мерекесіне арналған брифинг өтті.

     Іс-шараға облыс дін істері басқармасының басшысы Б. Қаппасов, Павлодар қаласындағы Благовещенск кафедралды соборының епархиалық кеңесінің хатшысы отец Алексий және Рим-Католик шіркеуінің настоятелі отец Лукаш қатысты.

      Брифинг барысында қатысушылар Пасха мерекесінің христиандық дәстүрдегі маңызы туралы айтып, өңірдегі мерекелік діни шаралар мен құлшылықтардың ұйымдастырылуы жөнінде ақпарат берді. Барлық іс-шаралар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып өткізілетіні атап өтілді.

     Қазақстан діни сенім бостандығы мен азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу қамтамасыз етілетін зайырлы мемлекет болып табылады. Бүгінгі таңда Павлодар облысында 13 конфессия өкілдері тұрады. Олардың арасында өзара түсіністік пен дінаралық келісім орнаған.

      Осындай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу рухани және адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға ықпал етеді.