2025 жылдың 4 сәуірінде Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы орта мектептің 9-11 сынып оқушылары арасында «Қазіргі заманғы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өтті

2025 жылдың 4 сәуірінде Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы орта мектептің 9-11 сынып оқушылары арасында «Қазіргі заманғы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өтті

       2025 жылдың 4 сәуірінде Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы орта мектептің 9-11 сынып оқушылары арасында «Қазіргі заманғы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өтті. Семинардың лекторлары «КҚТДО» ЖШС қызметкерлері, психолог Байбусинова Нұржамал және теолог Батырханов Асылхан болды.  Дәріскерлер Қазақстан Республикасында тыйым салынған діни және террористік ұйымдар, олардың тактикасы мен адамдарды тарту әдістері, соның ішінде интернет-ресурстардан діни білім алудын қауіптілігі туралы жан-жақты айтып берді. Өз кезегінде жиналғандар сұрақтар қойып, қажеттіжауаптар алды.

      Мамандар қатысушыларға егер кімде-кім әртүрлі дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына түсіп қалған болса, 87079620101 сенім телефонына хабарласыпнемесе Павлодар қ., көш. Ә.Бөкейхан 202/5 адресі бойынша келіп, көмек алуға болатындығын ескертті.  Семинарға барлығы 25 студент қатысты.