Ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналған оқыту семинары

Ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналған оқыту семинары

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Павлодар облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.

Ағымдағы жылдың 23-24 қыркүйегінде Павлодар қаласындағы «Шанырақ»  мәдени-сауық орталығының мәжіліс залында және Екібастұз қаласындағы Естай атындағы балалар музыка мектебінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Павлодар өңірінің Ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерін дін мәселері бойынша даярлауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында Астана қаласының дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – исламтанушы Қожакелдиев Бауыржан Убалханұлы және нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог Сейтқали Мирзада Шахманұлы семинар оқыды.

Қожакелдиев Бауыржан Убалханұлы  «Мәзhәб ұстану» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады. Сондай-ақ, «Экстремизммен күрестің Қазақстандық сипаты» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.

Сейтқали Мирзада Шахманұлы  «Ораторское мастерство: Искусство публичных выступлений» тақырыбында сөйлеу техникасының меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп,  дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдермен бөлісті. Сондай-ақ, «Навыки высокоэффективных людей» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады.

Семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.