Ораза айт қабыл болсын!

Ораза айт қабыл болсын!

           Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

      Сіздерді барша мұсылмандардың қасиетті болып табылатын – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

       Адам өмірінде әр мерекенің орны бөлек. Соның ішінде Ораза айт мерекесі ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік сияқты мәңгі адами құндылықтарды үлгі ететін мерекелерінің бірі.

       Жаратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз, оқытқан дұғаларыңыз қабыл болып, әр жанұяға бақ-береке қонсын. Көп ұлт пен ұлыстың басын қосқан Отанымыз Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын арттырып, мерейін үстем етіп, рухани тазалыққа бастау болатын Ораза айт мерекесі халқымызға бейбітшілік, жерімізге құт-береке әкелсін!

      Осынау мерекеде әр отбасына бақыт, береке-бірлік тілеймін. Деніміз сау, жұртымыз тыныш, елімізде тұрақтылық пен ауызбіршілік болсын!

 

     Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы

     Б.М. Қаппасов