Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

                               Құрметті жерлестер!

              Күн менен түн теңеліп, Жер-Ана жаңа күйге еніп, тіршілік атаулы оянып, айнала мәре-сәре болатын Ұлыстың ұлы күні – жыл бастауы Наурыз баршаңызға құтты болсын!

             Наурыз – ұлтына, дініне қарамастан, барша жұртты ұйыстыратын жалпыұлттық мейрам. Бұл мереке халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдырады. Біз әрдайым қиын сәтте бір-бірімізге қол ұшын созып, қолдау көрсетуге дайынбыз.

           Бәрімізді қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке – бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны. Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар.

           Наурыз мейрамында ұрпақтар арасындағы байланыс ерекше айқын көрінеді, өйткені тату көршілік, қонақжайлылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету дәстүрлері әр отбасында мыңдаған жылдар бойы сақталып келеді.

          Басқарма Наурыз мерекесіне және ұлтаралық кабинетінің ашылуына орай қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне барды.

          Мемлекет басшысының бастамасымен Наурыз мейрамы биыл Қазақстанда жаңа форматта тойлануда. Еліміздің әр аймағында наурыздың 14-і мен 23-і аралығында салт-дәстүріміздің құндылықтарын дәріптеуге бағытталған Наурызнама онкүндігі өтеді. Соның аясында түрлі танымдық шаралар өткізілмек.

        «Бірлік бар жерде береке болады» деп халық даналығы айтқандай, Наурыз мейрамы әр шаңыраққа құт пен береке әкелсін!