Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қасиетті Рамазан айына арналған брифинг болып өтті.

Бүгін  Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қасиетті Рамазан айына арналған брифинг болып өтті.

Бүгін  Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қасиетті Рамазан айына арналған брифинг өтті.

Брифингке «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінін бас имамы Жолдас қажы, дін істері басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Павлодар қаласының №5 емханасының терапевт-дәрігері Ақмарал Сыйлыбаева қатысты.

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бас имамы Жолдас қажы Рамазан айына дайындық және ораза ұстау тәртібі туралы ауқымды мағлұмат берсе, терапевт-дәрігер А. Сыйлыбаева медицина тұрғысынан оразаны қалай дұрыс ұстау туралы тоқталып өтті.  

Ағымдағы жылдың Павлодар облысының  мұсылмандары әлемнің барша мұсылмандар қауымымен  11 наурызынан 9 сәуірге дейін (30 күн) өтетін Рамазан айын атап өтеді. Қасиетті айда дін ұстанушылар ораза ұстап қана қоймай, ізгі амалдар жасауға ұмтылады.

Қазақстан әлем бойынша зайырлы мемлекет ретінде танылды. Елімізде әр түрлі дін өкілдері өзара бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр.

Облыс аумағында бүгінгі таңда 107 мұсылман мешіті, 25 православиелік, 8 католиктік, 21 протестанттық бағыттағы шіркеулер бар. Осындай әртүрлі дінді ұстанатын көп ұлтты елімізде, біз ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау бағытындағы жұмыстарға мән берілуде деп,  -  атап өтті облыстық дін істері басқармасының басшысы Б. Қаппасов.

Баршаңызды келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтай отырып, ниеттеріңіз қабыл болсын демекпіз. Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін. Отанымыз аман, ел-жұртымыз тыныш, барша Қазақстандықтардың ынтымақ-бірлігі берік болсын!