Павлодар облысына Астана және Қазақстан Митрополиті Александр және грек Православие шіркеуінің өкілдері делегациясы келді.

Павлодар облысына Астана және Қазақстан Митрополиті Александр және грек Православие шіркеуінің өкілдері делегациясы келді.

Қазан айының 7-9 аралығында Павлодар облысына Астана және Қазақстан Митрополиті Александр және грек Православие шіркеуінің өкілдері делегациясы келді.

Сапардың негізгі мақсаты – Павлодар облысына Православиенің ұлы қасиетті жәдігері – Тримифунттық әулие Спиридонның шірімеген десницасын әкелу, сондай-ақ православие дінін ұстанушыларға қасиетті жәдігерге тағзым ету мүмкіндігін ұсыну болды.

Сапар аясында Митрополит Александр мен Грек Православие шіркеуі өкілдерінің Павлодар облысы әкімімен кездесуі өтті. Әңгіме барысында конфессияаралық келісім, мемлекеттің діни бірлестіктермен достығы мен өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.

Өңір басшысы делегацияға Павлодар облысына сапары және Павлодар өңірінің рухани өміріне назар аударғаны үшін алғысын білдірді. Әңгіме соңында тараптар естелік сыйлықтармен алмасты.

Сондай-ақ, сапар барысында Қазақстанның Православие Шіркеуінің басшысы Благовещенск шіркеуінде құдайлық литургия өткізді.