
Павлодар қаласында діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті. Бұл іс-шара біздің өңіріміздің діни өмірі мен қоғамының өзекті мәселелерін талқыланды. Клуб отырысы Павлодар қаласының Евангелиялық-Лютерандық шіркеуінде өтті. Кездесу басында діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы А. Мейрманов приход басшысы Дархан Богданұлы Богдановқа іс-шараны ұйымдастыруға үлесін қосқан үшін ерекше алғысын білдірді.
Сондай-ақ, А. Мейрманов ҚР Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында 4 маусымға тоқталды. Ол мемлекеттік рәміздердің – Ту, Елтаңба және Әнұранның бекітілуі мен маңыздылығы туралы айтты.
Кездесу аясында клуб қатысушылары екі маңызды және өзекті мәселені қарастырды:
1) «Иммунопрофилактика. Халықты вакцинациялауға деген сенімді арттырудағы діни көшбасшылардың рөлі»;
2) «Парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық құндылықтарын ілгерілету».
Бірінші мәселе бойынша Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Ақмарал Смағұлова сөз сөйледі. Ол вакцинация қажеттілігі туралы айтып, осы бағыттағы діни бірлестіктермен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жәния Тантакова сөз сөйледі. Ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамдағы парасаттылық құндылықтарын ілгерілету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Отырыс барысында Дархан Богданов шіркеудің қызметі және оның жергілікті қоғамдастық өміріндегі рөлі туралы айтты. Сөз соңында ғибадат ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды, бұл қатысушыларға шіркеу қызметімен толығырақ танысуға мүмкіндік берді.
Кездесуге қатысушылар талқыланатын мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, белсенді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу соңында А. Мейрманов діни бірлестіктердің басшыларына дін істері басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат беріп, ақпараттық жадынамалар таратты.
Павлодар облысының діни бірлестіктері басшыларының клубы қоғамдағы конфессияаралық келісімді, бейбітшілік пен толеранттылықты нығайтуға күш сала отырып, діни қауымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы диалог үшін маңызды алаң болып қала береді.