Павлодар облысында әр түрлі форматтағы ақпараттық-түсіндіру шаралары ұйымдастырылып, өткізілді.

Павлодар облысында әр түрлі форматтағы ақпараттық-түсіндіру  шаралары ұйымдастырылып, өткізілді.

      ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, ағымдағы жылдың 18-22 мамыр аралығында Павлодар облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) мамандарының қатысуымен діни экстремизмнің және терроризмнің таралуын алдын-алуға бағытталған, өңір тұрғындарының қатысуымен ашық кездесулер, әр түрлі форматтағы семинарлар, бірқатар     іс-шараларды ұйымдастырылды.

      Осы кездесулерге спикер ретінде РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар, сарапшылар, психологтар) – А. Нұрахметұлы, Б. Мырзаев,   Л. Шакимова, Г. Раздыкова, сонымен қатар, облыстық дін істер басқармасының басшысы Н. Байбақиров қатысты. 

      РАТТ мүшелерімен өткізілген іс-шараларына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында, Павлодар және Аққулы аудандарында әскери бөлімнің қызметкерлері мен жастар қауымы, облыстың  БЖСМ жаттықтырушылары және жас спортшылары, түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар, Ақсу қаласының «Ферроқорытпа зауыты» АҚ, Екібастұз қаласында «KEGOC» АҚ және «МАЭС» қызметкерлері тартылды.

      Өткізілген іс-шараларда облыс тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасын сақтауға бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығы, деструктивті теріс діни және радикалды идеялардың қауіптілігі туралы тұшымды мағлұматтар берілді. 

      Кездесу барысында қатысушылар өздері қойған сұрақтарға толық жауаптар алды.