"Нұр-Мубарак" Египет ислам университетінің соңғы курс студенттерімен Павлодар өңіріне жұмысқа тарту мақсатында кездесу өтті

"Нұр-Мубарак" Египет ислам университетінің соңғы курс студенттерімен Павлодар өңіріне жұмысқа тарту мақсатында кездесу өтті

       Ағымдағы жылдың 5-ші ақпанында "Нұр-Мубарак" Египет ислам университетінің соңғы курс студенттерімен Павлодар өңіріне жұмысқа тарту мақсатында кездесу өтті. Аталған шарада Облысымыздың өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы, Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Байбәкіров және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Дулат Молдагельдинов жастармен кездесіп, өңіріміздің ерекшеліктерімен таныстырды. Діни ұйымдарда, сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердегі бос вакансиялар жөнінде сөз қозғалып, мемлекеттің көші-қон бағдарламасы таныстырылды.
Павлодар өңірінен оқып жатқан шәкірттермен арнайы кездесу барысында жастардың тыныс-тіршілігімен таныс болып, көкейде жүрген сұрақтарға жауап берілді.