Облыстағы діни ахуалға мониторинг жүргізу, зерделеу және талдау жүргізу шеңберінде а.ж. 21 қаңтарда «Павлодар облысының дін істерібасқармасы» ММ діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы А.Мейрманов облыстың қалалары, аудандары мен ауылдары имамдарыныңкездесуіне қатысты. Бұл кездесу Павлодар облысының бас имамы Ж.Бертымұратовтың төрағалығымен өтті.
Кездесу барысында басқарма өкіліменимамдарды мемлекеттік орган ұсынатын ғибадат үйлері мен құрылыстарын салу және қайта бейіндеу жөніндегі мемлекеттік қызметтер бойынша хабардар етілді.
Сондай-ақ, қатысқан имамдар мен басқарма қызметкері арасында діни білім алғысы келетіндерге бөлінетін гранттар мәселесі талқыланды. Кездесу соңында А. Мейрманов діни қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық брошюралар таратылды.