Павлодарда діни бірлестіктер Клубының жастары қатысуымен іс-шара өтті

Павлодарда діни бірлестіктер Клубының жастары қатысуымен іс-шара өтті

       2025 жылғы 12 желтоқсанда «Баянтау» спорт кешенінде Павлодар облысының діни бірлестіктеріжастарының қатысуымен спорттық және зияткерлікіс-шаралар өтті. Аталған іс-шараға Павлодар қаласының ҚР ҚМДБ «Мәшһүр Жүсіп» орталықмешіттің, Благовещенск кафедралды соборы, «Жетінші күн адвентистері» ЖДҚ, «Иса Мәсіх»шіркеуі, «Шыңдық» Евангелиялық Баптист-христиандары командалары қатысты.

Іс-шараны Павлодар қаласының ішкі саясатбөлімінің басшысы А.Сәрсембаева ашып, құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысқа қатысқаны үшінкомандаларға алғысын білдірді. Бұл спорттық іс-шараға Полиция департаментінің, Экономикалықтергеу департаментінің қызметкерлері, облыс діністері басқармасының «Конфессияаралыққатынастарды талдау және дамыту орталығы»ЖШС директоры Д. Әлімханов шақырылды.

Бірінші кезеңде діни бірлестіктер командаларыбірнеше спорт түрлерінде өзара жарысты. Спорт бөлімі аяқталғаннан кейін діни қауымдастықтаржастарының алдында құқық қорғау органдарыныңқызметкерлері сөз сөйледі. Олар алаяқтықтыңқазіргі кездегі өзекті мәселелері және азаматтардыкүмәнді қаржылық айла-шарғыларға тартатынтүрлі қаржы пирамидаларының қызметі туралыайтты. Сөз сөйлегеннен кейін құқық қорғауоргандарының қызметкерлері жастардықызықтыратын халықтың қаржылықсауаттылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Соңында жоғарыда аталған тақырыптар бойыншаинтеллектуалды викторина өткізілді.

Барлық қатысушылар естелік сыйлықтарменжәне алғыс хаттармен марапатталды.

Осы спорттық жарыстардың жеңімпазы«Шындық» Евангелиялық христиан баптисттеркомандасы болды.