Жаңа мешіттің ашылуы және Ақсу қаласы діни бірлестіктерімен кездесу

Жаңа мешіттің ашылуы және  Ақсу қаласы діни бірлестіктерімен кездесу

       Ағымдағы жылғы 14 қарашада Ақсу қаласының ауылдық аймағы Құркөл ауылында ескі мешіттің жанынан салынған жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті.

       Іс-шараға Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің наиб имамы және Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Н.Байбакиров қатысты.

       Сонымен қатар, сапар барсында басқарма басшысы Н. Байбакиров Ақсу қаласындағы діни бірлестіктердің қызметімен танысу мақсатында «Жаңа Өмір» және «Евангель христиан баптистері» шіркеулерінде болды.