
Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Н.Байбакиров жұмыс сапары аясында Аққулы ауданына барып, өңірдегі діни ахуалмен танысты.
Сапар барысында ол Қарақала, Жамбыл, Әйтей, Шарбақты, Төсағаш және Аққулы ауылдарындағы діни бірлестіктерде болып, дін қызметкерлерімен кездесті, сондай-ақ ғибадат үйлерінің жағдайын және жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын көріп шықты.
Кездесу барысында басқарма басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Мұндай жұмыс сапарлары өңірдегі тұрақтылықты сақтауға және мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара диалогты нығайтуға бағытталған.