16 қазан күні "Колос" алаңында Рухани келісім күніне арналған шығармашылық фестиваль өтті

16 қазан күні "Колос" алаңында Рухани келісім күніне арналған шығармашылық фестиваль өтті

      16 қазан күні "Колос" алаңында Рухани келісім күніне арналған шығармашылық фестиваль өтті. Іс-шараны Павлодар облысының дін істері басқармасы мен Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы ұйымдастырды. Фестивальдің мақсаты – түрлі дін мен мәдениет өкілдерін ортақ шығармашылық арқылы біріктіріп, қоғамдағы татулық пен өзара түсіністікті нығайту.

Рухани келісім күні – Қазақстанда 1992 жылдан бері аталып өтетін ерекше мереке. Ол қақтығыстарға мораторий жариялап, бейбітшілік пен мейірімділікке, татулық пен өзара көмекке үндейді. Фестивальге «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжі, «Жаңа өмір» Інжіл христиандары шіркеуі, Благовещен кафедралды соборы, грек-католик және рим-католик шіркеулері және Павлодар қаласының өзге де діни бірлестіктері қатысты.

Салтанатты шарада Павлодар облысының дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Байбакиров құттықтау сөз сөйлеп, рухани келісім мен бейбітшіліктің ел тұрақтылығының кепілі екенін атап өтті. Іс-шараның соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, көпшілік ортақ фотосессияға түсті – бұл татулық пен достықтың жарқын көрінісіне айналды.