Рухани келісім күні қарсаңында жастарға арналған интеллектуалдық кездесу өтті

Рухани келісім күні қарсаңында жастарға арналған интеллектуалдық кездесу өтті

         Облыс дін істері басқармасы облыстың діни бірлестіктері жетекшілері Клубының кездесулерін тоқсан сайын ұйымдастырып отырады. Бұл кездесулерде өзекті мәселелер талқыланады. Осындай басқосулардың бірінде Клуб мүшелері жастар ұйымдарының арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында бірлескен шара өткізуді ұсынды.

         Осыған орай, Қазақстан Республикасының Рухани келісім күні қарсаңында Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының бастамасымен, Жастар бастамаларын дамыту орталығының қолдауымен облыстағы діни бірлестіктердің жастарының қатысуымен «Квиз» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Жастар дін, Қазақстан тарихы, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлер бойынша білімдерін ортаға салды.

          Барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды, ал бас жүлдені жоғары білім көрсеткен Жетінші күн адвентистері шіркеуінің командасы жеңіп алды.