Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Малик Отарбаев 7–8 қазан күндері өңірімізге сапармен келіп, Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндірді

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Малик Отарбаев 7–8 қазан күндері өңірімізге сапармен келіп, Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндірді

         7–8 қазан күндері Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Малик Отарбаев өңірімізге жұмыс сапарымен келді. Сапар мақсаты – Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы еңсеру» атты Жолдауының негізгі тұстарын халыққа түсіндіру.
          Іссапар аясында Малик Отарбаев жергілікті тұрғындармен және мешіт имамдарымен кездесіп, рухани құндылықтардың цифрлық дәуірдегі рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, ол цифрлық егемендік, киберқауіпсіздік, жаңа кадрлар даярлау сынды өзекті мәселелерге назар аударып, қоғамды өзгерістерге дайын болуға шақырды.
           Президент кеңесшісі цифрлық трансформация тек технологиялық емес, сонымен қатар терең әлеуметтік әрі рухани сипатқа ие үдеріс екенін атап өтті.