«Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі зайырлылық және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбына семинар өткізілді

«Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі зайырлылық және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбына семинар өткізілді

       А.ж. 20 маусымында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәжіліс залында Департамент басшысының орынбасары Р. Иманқұловтың облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дін істері басқармасының басшысы Б.Қаппасовтың қатысуымен департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі зайырлылық және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбына семинар өткізілді.

       Аталған іс шара мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлерін деструктивті діни ағымдарға тартудың, сондай-ақ мемлекеттік қызметте зайырлылықтың сақталуының алдын алуға бағытталған.

       Басқарма басшысы Б. Қаппасовтың сөз сөйлеу барысында семинарға қатысушылар үшін слайдтар мен «Мемлекттік қызмет жүйесіндегі зайырлылық және діни экстремизмнің алдын алу», «Бала», «Ақтөбе» қысқа бейнероликтер көрсетілді. Семинар соңында мемлекеттік қызметшілермен диалог өтті. Департамент қызметкерлерінің барлық сұрақтарына жауаптар мен түсініктемелер берілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерге дін мәселелері бойынша арнайы сенім телефоны 62-01-01, 8-707-962-01-01 арқылы жүгіне алады.

      Семинарға Департаменттің 12 қызметкері қатысты.