2025 жылғы 17 маусымда Павлодар қаласының Грек-католик шіркеуінде дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестік басшылары Клубының кезекті отырысы өтті.
Іс-шараны дін істері басқармасының басшысы Б.М. Қаппасов ашып, қатысушыларға шақырылған спикерлерді таныстырды.
Кездесуде жазғы кезеңде өзекті болып табылатын бірқатар мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері баяндама жасады:
Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Төлемісова Арай Қайырболатқызы жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмаған балалар үшін ата-аналардың бақылауы мен жауапкершілігі туралы баяндама жасады.
Павлодар облысы ТЖ департаментінің су-құтқару жедел отрядының басшысы Хазов Виталий Владимирович балалардың судағы қауіпсіздігі ережелеріне тоқталды.
Павлодар облысы білім беру басқармасының тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Теміржанова Г.Қ. жазғы демалыс кезеңінде балалар тәрбиесі мен ата-аналардың жауапкершілігі туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, қатысушылар алдында Павлодар облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Макин Д.М. сөз сөйледі. Ол діни бірлестіктердің басшыларына антитеррористік қорғалу шараларын түсіндіріп, нұсқаулық өткізді.
Алынған ақпарат дін қызметкерлері тарапынан құлшылық рәсімдері кезінде, уағыз айту барысында және жамағатпен жеке кездесулерде пайдаланылады. Бұл өз кезегінде халықты кеңінен ақпараттандыруға септігін тигізеді.
Клуб отырысы ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасып, өзекті сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Бұдан бөлек, қатысушыларға облыс дін істері басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы брошюралар таратылды.
Сондай-ақ іс-шара соңында дін істері басқармасының басшысы Б.Қаппасов Грек-Католик шіркеуінің настоятелі Я.Я. Головчукке және оның шіркеуінің мүшелеріне шіркеу аумағында Клуб отырысын өткізуге мүмкіндік жасағандары үшін алғыс білдірді.