2025 жылғы 10 маусымда Мемлекет Басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына келіп, өңір имамдарымен Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде кездесті.
Кездесуге Павлодар облысы әкімінің орынбасары Маликова А.К. қатысты. Іс-шара барысында Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген негізгі мәселелер мен стратегиялық бағыттарға тоқталды.
Мәлік Отарбаев имамдардың қазіргі қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың тек діни қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар рухани және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға белсенді қатысатын қоғам көшбасшылары екенін айтты.
Президент атап өткендей, мемлекеттің болашағы үш негізгі құндылыққа – әділеттілікке, ұрпақтар сабақтастығына және өркендеуге негізделуі тиіс. «Тек әділетті шешім қабылдай алатын азамат қана қоғамға нақты пайда әкеле алады», – деді Мәлік Отарбаев.
Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкілі, бас имам Жолдас Коспақұлы Бертымұратов та сөз сөйледі.
Диалог ашық форматта өтті. Кеңесші Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкілі, бас имам Жолдас Қоспақұлы Бертымуратов айтқан пікірлер мен бастамаларды тыңдап, ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолында бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу пікір алмасу мен өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды алаңына айналды.