Бас Мүфтидің Павлодар облысына сапары

Бас Мүфтидің Павлодар облысына сапары

      А.ж. 29-30 мамыр Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Павлодар өңіріне ресми сапары аясында Екібастұз қаласының Богатырь көмір кен орнының жұмысшыларымен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – рухани құндылықтарды дәріптеу, еңбек адамдарына рухани қолдау көрсету және ел бірлігін нығайту бағытындағы игі бастамаларды жалғастыру болып табылады. Жалпы осы кездесуге 100-ден аса жұмысшылар қатысты.

      Сондай-ақ 30 мамырда Бас Мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Павлодар облысы бойынша өкілдігі, Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақ дәстүріндегі отбасы құндылығы» атты республикалық конференцияға қатысып, баяндама жасады. Конференция облыс әкімінің орынбасары
А.Қ. Маликованың қатысуымен өткізілді.

      Конференцияның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды жаңғырта отырып, қазақ қоғамындағы отбасы институтының тәрбиелік рөліне, дәстүрлі ислам мен салт-сананың сабақтастығына назар аудару.

Конференция аясында түрлі сала мамандары мен зиялы қауым өкілдері мазмұнды баяндамалар жасап, өз ойларымен бөлісті.

- Мәшһүртанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик А.Қ. Тұрышев

- «Отбасы орталығының» кеңесшісі, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты, А. Мергенбай

- «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б. Максилова

- Журналистер одағының мүшесі, С. Күндікерова

- «Әлкей Марғұлан» атындағы Павлодар педагогикалық университетінің философия докторы (PhD), Б.А. Матаев

- Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Е.Ө. Жұматаева

- ҚМДБ төрағасының кеңесшісі, философия ғылымдарының кандидаты С.Сейтбеков .

Шара соңында қатысушылар қазақытәрбие, рухани жаңғыру және отбасылыққұндылықтарды насихаттау бағытындабірлескен жұмысты күшейту қажеттігін атапөтті. Жалпы осы шараға 120 адан астам адамқатысты.