Павлодар қаласында білім алып жатқан Қытай мен Монғолия мен Өзбекстан елдерінен келген қандас жастармен «Достық үйінде» кездесу өткізілді

Павлодар қаласында білім алып жатқан Қытай мен Монғолия мен Өзбекстан елдерінен келген қандас жастармен «Достық үйінде» кездесу өткізілді

       Облыстың ақпараттық-түсіндіру тобы құрамына кіретін дін істері басқарма басшысы Б. Қаппасов және Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің бас имамы Ж. Бердімұратов, сондай-ақ «Отандастар қоры» Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы филиалының басшысы Б. Заутұлы Павлодар қаласында білім алып жатқан Қытай мен Монғолия мен Өзбекстан елдерінен келген қандас жастармен «Достық үйінде» кездесу өткізді.

      Осы кездесуде Б. Қаппасов студенттерді жастар арасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, сондай-ақ діни экстремизмге қарсы іс-шаралар туралы хабардар етті.

      Кездесу барысында студенттерге интернетте экстримистік материалдарды таратудың зияны және жауапкершілік туралы слайдтар мен «Террорлық әрекет кезінде не істеу керек» және «Хабарласпа» қысқа бейнероликтері көрсетілді.

      Жолдас Бердімұратов студенттер назарына діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын деструктивті діни ағымдар мен олардың қауіптілігін жеткізіп, жалған діни радикалды ағымдар туралы айтып өтті.

      Кездесу соңында студенттермен диалог өтті. Студенттердің барлық сұрақтарына жауаптар мен түсініктемелер берілді.

      Кездесуге жалпы 110 студент қатысты.