|
|
"Ғибадат үйлерін |
|
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары. |
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы. |
|
3 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі |
22 (жиырма екі) жұмыс күні. |
|
4 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған) түрінде. |
|
5 |
Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi |
Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны –электрондық. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, Портал тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мыналарда орнластырылған: көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www. qogam. gov. kz; www. eli cens e. kz порталы. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы электронды анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, елдімекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж қауым саны (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметшісінің кандидатурасы көрсетілген); 3) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратын) салуға келісім беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі ғибадат үйі (ғимараты) аумағы бар жол (шектесетін тұрғын үйлер болған кезде, оның ішінде, егер шекаралардың арасында сервитут өтетін болса) ұсынылады. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер |
1) бір дiннің үстемдігін бекітуге, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса; 2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса; 3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуына), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, адамгершілікке нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса; 4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса; 5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліленуге итермелеуге бағытталса; 6) егер діни бірлестіктердің дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, көрінеу белгiлi мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға бағытталса; 7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда; 8) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса; 9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777. |