|
|
"Миссионерлік қызметті жүзеге |
|
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары. |
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы. |
|
3 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі |
10 (он) жұмыс күні. Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеудің мерзімі тоқтатыла тұрады. |
|
4 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны |
Электронды түрінде (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
|
5 |
Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi |
Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электронды түрінде (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру шарты: көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы пошта байланысы арқылы не жеке куәлігін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) немесе көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны бар көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесін ұсынған кезде цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде қолма-қол жүзеге асырылады; Мемлекеттік корпорация арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өзінің немесе оның өкілінің тиісті өкілеттігі көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады; Портал арқылы: мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. Мемлекеттік корпорация нәтижені 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткен соң жүгінген кезде мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін мемлекеттік корпорацияға жібереді. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады; Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады; 3) жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, Портал тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарында орналастырылған: көрсетілетін қызметті беруші: www. qogam. gov. kz; Мемлекеттік корпорация: www. gov4c. kz; www. eli cens e. kz порталы. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде (жеке басын куәландыратын құжатты не жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде): 1) осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш; 2) паспорттың көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдар үшін); 3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжат (берілген күнін көрсете отырып, діни бірлестік басшысының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған); 4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және миссионер өкілі болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесi; 5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар; 6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы (болған жағдайда) туралы хаттың көшірмесі ұсынылады. Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады: 1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың көшірмесі; 2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжатының көшірмесі; Порталға жүгінген жағдайда: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) паспорттың электрондық көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін); 3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжаттың электрондық көшірмесі (қағаздағы нұсқасының берілген күнін көрсете отырып, діни бірлестік басшысының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған); 4) миссионер өкілі болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың және діни бірлестік жарғысының (діни бірлестік басшысының қолы қойылған және мөрімен (болған жағдайда) расталған) электрондық көшірмесі; 5) діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың электрондық көшірмесі, миссионерлік қызметке арналған діни мақсаттағы заттар; 6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы туралы хаттың электронды көшірмесі (болған жағдайда). Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында қосымша мынадай құжаттарды ұсынады: 1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электронды көшірмесі; 2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжаттың электронды көшірмесі. Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қойған қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы; 5) дінтану сараптамасының объектісі Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға ұсынылмаған; 6) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндіретін миссионерлік қызмет. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған. Тіршілік әрекеттерін шектейтін организм функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері шыға отырып жүргізеді. Қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс орталығының ресми интернет-ресурсында орналастырылған байланыс телефондары арқылы жүгінеді. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. |