Павлодар облысының ТЖ департаментіндегі кеңес

Павлодар облысының ТЖ департаментіндегі кеңес

2023 жылдың 13 шілдесінде облыстың Цифрлық технологиялар басқармасының мамандары ТЖ департаментінде өткен "Жер-2023" Халықаралық командалы-штабтық оқу-жаттығуларына дайындалу аясында ұйымдастырылған, Департамент бастығының орынбасары полковник О.Трещевтің төрағалығымен өткізілген облыстық кеңеске қатысты.

Аталмыш жиынға облыстың барлық азаматтық қорғау қызметтері мен еріктілер ұйымдары қатысты. Күн тәртібінде Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облыстарында болуы мүмкін жойқын жер сілкінісінің салдарын жою үшін Павлодар облысынан топ құрамына бөлінетін негізгі күштер мен құралдардың есептеулерін қалыптастыру мәселелері талқыға салынды.