Жастар саясатын қолдау

Жастар саясатын қолдау
  1. Қазақстан АКТ өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында ақпараттық технологиялар саласында бірқатар мемлекеттік қолдау шараларын ұсынады. Осындай шаралардың бірі - Astana Hub экожүйесі шеңберінде жасалатын акселерациялық және инкубациялық бағдарламалар. Технопарк бағдарламалары туралы Astana Hub-тың басқарушы директоры Алина Абдрахманова айтып береді.

2. Жастарға қалай кәсіп бастауға болады?

Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында елімізде әртүрлі санаттағы кәсіпкелерді қолдау бағдарламалары қарқынды жүруде. Оның ішінде жастарға арналған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары қандай? Ол туралы Кәсіпкер, Қоғам белсендісі Олжас Сүлейменов айтып береді.

3. Елімізде жастарға баспаналы болудың қандай жолдары бар?

Елімізде тұрғын үй құрылысын дамытудың бірыңғай моделі әзірленуде, оның негізгі қағидаты — жастардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру. Елімізде жастарға баспаналы болудың қандай жолдары бар? Ол туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Төлеутайұлы айтып береді.

4. Жастарға арналған қандай мемлекеттік бағдарламалар, гранттар мен премиялар бар?

Елімізде жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалар аясы өте кең. Оның ішінде жастардың жетістіктерін  бағалауға арналған түрлі бағдарламалар, гранттар мен премияларлар бар. Олармен толығырақ танымал кәсіпкер Зарина Гусман таныстырады. 

 

бейнелерге сілтеме:

https://youtu.be/msqjk5YtoKk

https://youtu.be/GYPCGOcUc4w

https://youtu.be/jpVBoUPlwic

https://youtu.be/Swv8EF2ptFs